«ӨТКЕН КҮННЕН БЕЛГІ БАР»

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жиыны өтті

Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні  қарсаңында Павлодар медициналық колледжінің студенттері мен қалалық жедел жәрдем орталығының қызметкерлері өңірімізден шыққан тұңғыш фельдшер - Арын Сүлейменовті еске алды.

1877 жылы Павлодар облысының Май ауданында дүниеге келген Арын Сүлейменов 1902 жылы Омбы фельдшер мектебін бітірген. Кейін халықтың денсаулығын тексеріп, ел ішінде дәрігер болып жүреді. 1907-1918 жылдары уездік тұңғыш аурухананың құрылысын салуға ден қояды. Аурухана құрылысы аяқталған соң, дәрігер болып 36 жыл талмай қызмет етеді. Жұрты үшін жанын аямаған абзал азамат 1938 жылы Сталиндік геноцидтің құрбаны болады. Арын Сүлейменовтің басшылығымен салынған ғимарат бүгінде Павлодар қалалық жедел жәрдем орталығына айналып, оның қабырғасына қайраткерге арнап ескерткіш тақта орнатылған.

Аталмыш еске алу шарасына абзал азаматтың інісі Әмір Сүлейменовтің қызы әрі Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың жары Сәбира Әмірқызы қатысып, «қызыл қырғын» құрбанына айналған ағасы туралы естеліктерімен бөлісті. «Ол кісі саналы ғұмырын елге, жұртқа арнаған аса еңбекқор, көзі ашық, көкірегі ояу адам еді. Осындай жанды «Халық жауы» деп атауы біздер үшін үлкен қасірет еді» - деп еске алады Сәбира Әмірқызы.

Жарқынбек АМАНТАЙ.  

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30