Кеше С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы партиялық тобының қоғамдық қабылдауы ашылды. Бөлімнің ашылу салтанатына «Нұр Отан» ХДП орталық аппараты қоғамдық қабылдауының меңгерушісі Жұмажан Жүкенов және аталмыш оқу орнының ректоры Ерлан Арын қатысты. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Нұркина жиналғандарды ерекше бастамамен құттықтады.
Жиында «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы заңгерлік көмек көрсету жөнінде С.Торайғыров атындағы ПМУ–мен ынтымақтық туралы меморандумға қол қойды.
Университетте партиялық топтың құрылу тарихы мен оның атқарып жатқан қызметі жайлы баяндап берген осы бірінші проректор Мейрам Бегентаев қазіргі уақытта оқу орнында жетекші партияның мыңнан астам мүшесі бар екенін және олардың 42 пайызын жастар құрайтынын ерекше атап өтті.
Жарқынбек АМАНТАЙ.
Жаңа идеялар жәрмеңкесі
Павлодар облыстық «Серіктестік орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Сәлем, бизнес!» атты жобалар мен идеялар жәрмеңкесінің қорытынды жиыны өтті. Шараға облыстағы білім беру мекемелері мен балалар үйлерінің 200-ден аса тәрбиеленушісі қатысты.
Техника мен ғылымның қарыштап дамыған заманда әрі нарық кезеңінде әр адам өз бетінше қаражат таба білуі керек. Жастарды алғашқы экономикалық біліммен қамту, оларға өз ісін жүзеге асыруға қолғабыс жасау мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңке 2010-2011 оқу жылында өтті. Оған «Бота» қоғамдық қоры қаржылай қолдау көрсетті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жобаны іске қоспас бұрын, Павлодар қаласындағы бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен арнайы шеберлік сыныптары мен тренингтер жүргізілген. Айта кетерлігі, «Сәлем, бизнес!» жобасы «Серіктестік орталығы» қоғамдық қоры директоры қыз метін атқарған Гүлнар Даржұманованың бастамасы мен жүзеге асты.
А.ЕСІМХАНОВА.
(Хабардың толық нұсқасын газетіміздің №68 санына оқисыздар)

