ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АЙРЫҚША ТАНЫЛҒАН КЕЗЕҢ

Жуырда ғана төртінші шақырылған Парламенттің кезекті төртінші сессиясы өз жұмысын аяқтады. Төртінші сессия депутаттары үшін маңызды әрі жауапкершілігі аса зор сессия болды. Өткен уақыт ішінде Мәжіліс 144 заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жіберді. 104 заңға Елбасы қол қойды. Заң шығару үдерісінде экономикалық реформаларды құқықтық қамтамасыз етуге баса көңіл бөлінді. Осы мақсатта депутаттар салық салу жүйесін жетілдіруге, мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруға, көлік қызметінің сапасын арттыруға, аграрлық секторды одан әрі дамытуға бағытталған заңдарды қабылдады. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету бойынша да ауқымды жұмыс атқарылды.

Сондай-ақ, депутаттар қызметтерінің басым бағыттарының бірі халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасау болып табылатынын атап өткен жөн. Бұл тұрғыда зейнетақымен қамсыздандыруды арттыруға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын реттеуге, ипотекалық несие көмегімен тұрғын үй сатып алған азаматтарға берілген әлеуметтік кепілдіктерді қорғауға, ғылым мен инновацияларға қолдау көрсетуге бағытталған заңдар күшіне енгізілді.

М.ОМАРОВ.

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 7 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31