Келешегіміз – жастардың заманға сай өніп-өсуіне, тәрбие-білім алуына қатысты бірқатар жаңашылдықтар енгізілуде. Осы орайда көңілді күпті ететін кейбір түйткілдер де туындайды. Елдің ертеңін ойлап, көркеюін көздегендіктен де, болашаққа байланысты жиі әңгіме қозғаудың артықтығы жоқ.
Қалып қойма қатардан,
Он екі жыл - партада
Он екі жылдық білім беру жүйесі енгізіледі деген сөз біраздан бері айтылып келеді. Алғашқыда оған көшу мерзімі ертерек белгіленген еді. Бірақ, заманға сай үлгіні қабылдауға біздің мектептеріміздің материалдық-техникалық жағдайы сақадай сай болмай шықты. Сөйтіп, енді қарадомалақ балаларымыз он екі сыныптық білімді игеруге, Алла қаласа, 2015 жылға қарай кіріседі. Министрліктегілердің мәлімдеуінше, онсыз еліміздің білім беру жүйесі еуропалық көштен қалып қояды. Қазірде біздегі білім стандартына басқа былай тұрсын, кезінде бір шекпеннің астында болған көршілес мемлекеттер де мұрнын шүйіретін көрінеді. Осы орайда бір заманда жеті жылдықты бітіріп, атағы жер жарған академиктеріміздің ауылдан қалай шыққанына аңқайып тұрып таң қаласыз. Жә, айтпағымыз бұл емес еді.
Сонымен, биыл күзде балабақшаға баратын 2 жасар бүлдіршіндер 2015 жылы он екі жылдық мектепті бірінші болып аттайды екен. Реформаның қызығын да, шыжығын да алғаш болып татып байқайтын қарлығаштар солар.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 7 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

