Бейсенбі күні өткен облыстық тәртіптік кеңестің отырысынан кейін еріксіз осындай ой түюге болады. Нұрлан Рамазановтың төрағалық етуімен өткен жиында лауазымды тұлғалар өздері жіберген кемшіліктердің себебін түсіндіріп бақты. Кеңес мүшелері бұл жолы бас-аяғы тоғыз істі қарады.
ОРТАЛЫҚТА КЕМШІЛІК КӨП
Біріншіде облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысындағы олқылықтар сөз болды. Тексеру нәтижесінде аталған мекеменің өтініштерді ресімдеуінде бірқатар кемшіліктер анықталған. Жыл басынан бері жалпы саны 3615 өтініш орындалмаған және кері қайтарылған. Соның ішінде 153 оқиға орталық қызметкерлерінің кінәсінен болған. Комиссия заңды тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтің де өз деңгейінде көрсетілмегенін анықтаған. Ақтоғай және Қашыр аудандық филиалдарына тапсырылған өтініштер дер кезінде қарастырылмаған, белгіленген мерзімінен 1-6 күнге дейін кешіктіріліп орындалған.
Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 12 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

