Бірінші тамызда қасиетті рамазан айы, ораза басталады. Рамазан – айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең киелісі. Рамазан жай уақытта жасаған жақсылықтар мен салиқалы амалдар сауабының еселеніп жазылатын құтты ай. Рамазан асыға күтіп, қимай қоштасатын, Құран Кәрімнің асыл аяттарының түсе бастаған мүбәрак айы болып табылады. Ол – сауабына тең келері жоқ Қадір түні бар ең берекелі ай. Рамазан жығылғанды демеп, жылағанды жұбататын, мұңды-мұқтаждардың көңілін жадырататын жанашырлық айы.
Мәшһүр Жүсіп орталық
мешітінің баспасөз қызметі.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 23 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

