ЖАРЫЛҚАУШЫ АЙДА ЖҰРТҚА ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙЫҚ

2011 жылдың 1 тамызы - қасиетті Рамазан айының бірінші (1) күні

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің ҮНДЕУІ

 министрліктер мен салалар жетекшілеріне, облыс, қала, аудан басшыларына, кәсіпкерлер мен ел халқына қасиетті Рамазан айына қатысты

Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын! Құрметті мұсылмандар, отандастар!  Биыл - сүйікті Отанымыз үшін ерекше жыл. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы. Дәл осы айтулы кезеңде егемен еліміз Ислам Ынтымақтастық ұйымының тізгінін қолға алып, қазақтың байтақ даласының шежіре - тарихы Исламмен біте қайнасып жатқандығын дүйім жұртқа паш етуде.

Тәуелсіздігімізді алғалы бергі аз ғана мерзім ішінде еліміз аяғынан тік тұрып, қарқынды даму жолына түсті. Алла тағаланың мейірім-рахымы түсіп, Қазақстан жұрты мерейлі 20 жылдығын әлем алдында абыроймен, толағай табыс және береке-бірлік, ынтымақпен қарсы алып отыр. Небары жиырма жылда ғасырға татырлық орасан зор істер атқарылды. Халықаралық мәртебелі ұйымдарға төрағалық етті. Мұның қай-қайсысы да елім, жерім, халқым деген әрбір отандасымыздың мақтаныш сезімі мен қуанышын тасытары сөзсіз. Бұл табыстарда кеңпейіл де жомарт халқымыздың бейбітсүйгіш дархандығының үлесі мол деп білемін. Алла тағаладан еліміздің одан әрі биік белестерге көтеріле беруін тілеймін.

Мүмкіндігі бар отандастарымды осынау қасиетті де, берекеге толы айда Алла разылығы үшін игі істерді мейлінше көбірек жасауға шақырамын. Жыл сайын Рамазан айы келуімен дүкендер мен базарларда азық-түлік бағаларының күрт қымбаттап кететінін көріп жүрміз. Бұл, әрине, халықтың орынды наразылығын туғызады. Мүбәрак айда кәсіпкер мұсылман бауырларымды Жасаған иеміздің мейірімін тілеп, азық-түліктің, қонақүйлер мен қоғамдық қызметтердің бағасын 10 пайызға жеңілдетуге шақырамын. Қоғамдық көліктерде жүру ақысы, коммуналдық төлемақылар және телекоммуникациялық байланыс тарифтері  де осылай төмендетілсе.

Жұртымыз қасиетті айда Алла тағаланың ашуы мен қаһарын тудыруға себепші арақ-шараптан, шариғатымыз тыйым салған басқа да харам іс-әрекеттерден аулақ болса деген тілегім бар. Мейрамханалар мен жиын-тойларда ішкіліктің ешбір түрі ішілмесе, дүкендерде сатылмаса. Себебі, ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың құдси хадисінде Алла тағала ішімдік ішкенді, ішкізгенді, сатқанды, сатып алғанды, сондай-ақ оны жасап шығарғанды лағынеттеген.

Қасиетті Құран кәрімде: «Әй, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұттарға табыну және бал ашатын оқтарластық, шайтанның iстерi. Мұратқа жетем десеңдер олардан аулақ болыңдар», - делінгенМаида» сүресi, 90-91 аят).

Бұл үндеу барша адамзат баласына мол ризық беруші Алла тағаланың разылығына біздің жұртымыз мұнан әрі қарай да бөленіп, сауабына ие бола берсе деген ізгі мақсаттан туып отыр. Сауапты амалдар жасаудың сәтін қолдан шығарып алмайық, ағайын!

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30 31