ЖАҢАБЕТ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қашыр ауданы Жаңабет ауылында жаңа мешіт халық игілігіне берілді. Оны тұрғызған – осы ауданның еңбек ардагері, шаруа қожалығының басшысы Нәби Жақыпов пен оның балалары. Осыдан он екі жыл бұрын Нәби ақсақал туған ауылы Береговойда Алла үйін тұрғызып, тұрғындарды қуантса, одан кейін көршілес «Жас қайрат» ауылында мешіт салып, алғысқа бөленді. Енді, міне, тағы да өз қаражатына Жаңабет ауылында жүз намазханға арналған мешіт салып, Аллаһ ризалығы үшін  сыйға тартып отыр.

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 6 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31