1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонының үні өшті. Қырық жыл бойы аспаннан, жерден, жер астынан ажал сепкен сынақ полигоны мәңгілікке жабылды. Заманымыздың тамаша ақыны, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов халық депутаттарының Бүкілодақтық съезінде: «...Сегодня на Семипалатинском ядерном полигоне тишина. Но она очень хрупкая», - деп күдік білдіргеніне қарамастан, Семей сынақ полигонындағы тыныштық бүгінгі күнге дейін сақталуда.
Ресей әскерилерінің ядролық кешен байлығын тонап, қазақ жерінен кеткеніне 20 жыл толып отыр. Ал полигон орналасқан кең атырап-аймақта не қалды? Сынақ, тәжірибе қояны сияқты жарылыстардың астында қырық жыл бас сауғалап, ойпаң жерге жан сақтау үшін тығылған халық қалды. Осынау қасіретті зардаптың бетін көрген отандастырымыздың саны жыл санап азайып барады. Енді біраз жылда ядролық жарылыстардың куәгері болған азаматтарды іздесең де, таба алмайсың.
Төлеубек ҚОҢЫР,
Қазақстан Республикасының Құрметті журналисі.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 25 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

