бас мүфтидің үндеуі қолдау табуда
Өткен айда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлінің барша мұсылман жұртшылығына арнаған Үндеуі ақпарат құралдары арқылы жарияланған болатын. Қасиетті Рамазан айында мейлінше жақсы іске ұмтылып, қоғамдық қызмет түрлері мен сауда бағасын 10 пайызға арзандатуға шақырған Үндеу әркімге ой салғаны хақ. Осыған байланысты өңіріміздегі бірқатар сауда ошақтары мен мейрамханаларда сауапты істер жүзеге асырылуда. Облыс орталығындағы Мәһшүр Жүсіп мешітіне үндеуді қолдауға байланысты өңіріміздің түкпір-түкпірінен жүзден аса кәсіпкерден хаттар келіп түскен.
Жарқынбек АМАНТАЙ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 25 тамыздағы номерінен оқи аласыз)

