Бұдан былай аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері жол полициясы қызметкерлерінің және жалпы, қоғамдық тәртіп сақшыларының жұмысы әдеттегіден де күшейтіле түспекші. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің жаңа бастығы, генерал-майор Сұлтан Тұрлыұлы Құсетов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуі барысында мәлімдеді. Ол өңірдің бүгінгі криминогендік ахуалына баға беріп, ішкі істер құрылымдарының алдағы уақытқа белгіленген жоспарлы жұмыс бағыттарын, кезек күттірмей қолға алынатын іс-шараларды ортаға салды. Сондай-ақ, журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауап қайырды.
Асыл ӘБІШЕВ.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 22 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

