Кеше С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ғылыми-кеңестің кеңейтілген мәжілісі өтті. Аталмыш шара университет ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, облыстық мәслихаттың депутаты, облыстың Құрметті азаматы Ерлан Мұхтарұлы Арынның 50 жасқа толу мерейтойына арналды.
Салтанатты жиынға облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҚР Парламент Сенатының депутаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есімов, «Нұр Отан» ХДП медиа-орталығының жетекшісі Берік Уәли және мерейтой иесінің әріптестері, достары мен университеттің студент жастары қатысты.
Нұржайна ШОДЫР.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 24 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

