БАСПАСӨЗГЕ ЖАЗЫЛУШЫЛАР КҮНІ облыс орталығында аталып өтті

Халықаралық баспасөзге жазылушылар күніне байланысты «Казпошта» АҚ-ның облыстық филиалы мекемесінде ерекше шара болып өтті. Келесі 2012 жылға газет-журналдарға жазылушылардың алғашқы легін қабылдаған пошта қызметкерлері тұрғындар арасында «Ең алғашқы жазылушы», «Ең жас жазылушы» секілді арнайы аталымдар тағайындап, сыйлықтар табыстады. Шараға Павлодар облысындағы бірқатар басылымдардың өкілдері қатысып, ұзақ жылдар бойы үздіксіз жазылып келе жатқан баспасөз жанашырларына сыйлықтар, сондай-ақ, бір жылға тегін жазылу құқығын беретін түбіртектерді табыс етті.

Облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне жыл сайын алғашқылардың бірі болып жазылып жүретін ұзақ жылдан бергі оқырмандары әрі жанашыры Төлеубек Қоңыр ақсақал мен Қантай Елубаева 2012 жылы сүйікті басылымын тегін алып тұратын болды.

Шара барысында сөз алған белгілі журналист Т.ҚоңырСарыарқа самалы»- облыстағы барлық жаңалықтар мен игіліктерді оқырмандарға уақытылы әрі түсінікті жеткізіп тұратын, ұзақ жылдық тарихы бар тамаша басылым. Біз жыл сайын аталмыш басылымға жазылуға асығамыз» - деді. Ал Қантай Елубаева: «Біз бұл газетпен 1949 жылдан бері отбасымызбен тығыз байланыстамыз. Қазақтілді газеттің біз үшін орны ерекше» - деп ағынан жарылды. Сол секілді, облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің тұрақты оқырмандары М.Теренник, Э.Соколкин және «Регион.кгазетінің оқырманы М.Байрамкуловаларға да аталмыш түбіртектер мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Жарқынбек АМАНТАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қазан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31