Жемқорлықпен күрес - баршаның міндеті

Бейсенбі күні «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арман Ешмұратовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум болып өтті. Ел дамуы мен кемелді болашаққа кедергі болатын жемқорлық мәселесі қашан да өзекті. Оған қарсы арнайы заң қабылдаған біздің елде жемқорларға қарсы күресті күшейту, әсіресе, мемлекеттік сала қызметкерлерінің арасында қадағалауды арттыру - Елбасымыз жүктеген басты міндеттердің бірі. Аталмыш бағытта өңірімізде атқарылып жатқан істер де біршама.

Форумға қатысқан атқарушы билік өкілдері мен қоғамдық ұйым басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-әрекеттері бойынша баяндамалары тыңдалды. Мәселен, Павлодар қалалық әділет басқармасының бас маманы Медеу Асамбаев сала бойынша ашылған қылмыстық істер мен заң бұзушылықтар жөнінде дәйектер келтірді. Сондай-ақ, қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Владимир Кравченко да жемқорлықпен күрес нәтижелері бойынша үстіміздегі жылдың алғашқы 9 айдағы көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда біршама тәуір екенін жеткізді.

Атқарушы билік органдарында жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірқатар қылмыстар әшкереленіп, істер қозғалған. Көңіл қуантарлығы, өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, жемқорлық әрекетке жол бергендер саны төмендегендігі белгілі болды. Сол секілді, қатысушылар тарапынан билік өкілдеріне бірқатар сауалдар мен ұсыныс-тілектер айтылды.

Шенеуніктер алдағы уақытта да аталмыш қоғам індетімен күресті күшейте түсетіндіктерін атады. Ел дамуына кедергі келтіретін мешкейлерге тосқауыл болу үшін құзырлы органдар ғана емес, халық болып бірлесе жұмылуымыз әрі сенім телефонына сену қажет екендігі баса айтылды.

Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30