ТӘРТІПТІ БОЛАМЫЗ деп уәде берді шенеуніктер

Алты бірдей облыстық басқарманың қызметі облыстық Тәртіптік кеңестің талқысына түсті. Аталмыш мемлекеттік мекемелердің әрқайсысының еншісінде онға жуық тәртіп бұзушылықтар бар. Ерекше «көзге түскендердің» қатарында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, экономика және бюджеттік жоспарлау, жер қатынастары, мұрағат және құжаттама, білім беру, құрылыс басқармаларының аты аталды.

Мекемелер түрлі саладан болғанымен, жіберілген олқылықтар бір-біріне ұқсас. Көбіне еліміздің «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң талаптарының, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің бұзылу фактілері тіркелген. Алайда, Тәртіптік кеңес барысында жоғарыда аты аталған басқармалар басшылары бұл кемшіліктердің қандай себептен жіберілгендігін тарқатып айтып бере алмады. Бар болғаны «олқылықтарға жол бергенімізді мойындаймыз, енді қайталанбайды» деп құтылды. Кеңес мүшелері де лауазым иелерін артық қыспаққа алуды жөн санамаса керек, кешіріммен қарауға тырысты. Барлық кемшіліктердің ескеріліп, бұдан былай «тәртіпті» болатындарына сөз берді.

Данияр ЖҰМАДІЛОВ.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30