ҰСТАЗ БАҚЫТЫ ДЕГЕН ОСЫ ШЫҒАР...

altПавлодар ауданына қарасты Чернорецк орта мектебінің мұғалімі Сақина Ғұмарқызы Фаизованың түлетіп өсірген шәкірттері оны «аты аңызға айналған ұстаз» деп атайды. Міне, үстіміздегі жылғы қаңтар айының сегізінде ұлағатты ұстаз өзінің мерейлі 80 жылдық мерейтойын туған-туысқандары және дос-жарандарымен бірге атап өтпек.
Сақина апай қариялардың аузында Шорнайыр деп аталған елді мекендегі мектепте табан аудармай 40 жылдан астам ұстаздық етіпті. Ел құрметіне бөленген тұлға түлектерімен бүгінгі күнге дейін сыйластық қарым-қатынаста. «Мектепті тәмамдағанымызға көп уақыт өтсе де, Сақина Ғұмарқызымен қарым-қатынасымыз бір сәтке  де үзілмеген. Ол – біздің өмірлік ақылшымыз! Қазақта «Ұстаз – анадан кейінгі ұлы есім» деген сөз бар емес пе? Сақина апай – біздің екінші анамыздай десем, артық айтпағандық болар, - дейді оның оқушысы Балшекер Бекенқызы.
Ұстаз еңбегінің шынайы бағасы шәкірттермен танылатыны сөзсіз. Бұл ретте, Сақина Ғұмарқызының абыройы асқақ, беделі зор. Ол - Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің озаты, еңбек сіңірген ұстазы және еңбек ардагері.
Ол тәрбиелеген жүздеген шәкірттер қазіргі кезде республикамыздың түкпір-түкпірінде әр салада жемісті еңбек етіп жүр. Әлбетте, айналаңдағы туыстарыңның ғана емес, дүйім жұрттың қошеметіне ие болу кез-келген жанның пешенесіне жазылған бақыт емес. Бұның барлығы еңбеккқорлық, қызметіне деген мінсіз адалдықтың арқасында келген бақ. Ұстаз бақыты деген осы шығар...
Әңгімеміздің арқауы болған С.Фаизова - Чернорецк ауылының тумасы. 1953 жылы Алматыдағы қыздар педагогикалық училищесін үздік аяқтағаннан соң, ойланбастан туған ауылына оралып, мұғалім мамандығының қырларын меңгере бастайды. «Сақина Ғұмарқызының бойында үлгі тұтарлық игі қасиеттердің барлығы бар. Ерекше қасиеті ретінде қазақ халқына, мәдениеті мен тіліне деген сүйіспешілігін атап өтер едік. Ол, сонымен қатар, қазақ тіліндегі кітаптарды жинауға құштар жан», - дейді аталмыш мектептің 1972 жылғы түлектері. Келер ұрпаққа білім нәрін сусындатып, шәкірт тәрбиелеуді өмірлік мұрат еткен оның жүрегі өмір бойы «Қазағым!» деп соққан. Оның өнегелі істері мен жұмысына деген адалдығы әлі күнге дейін халық аузында. Сақина апайдың сексенінші жылдары Чернорецк мектебіндегі қазақ сыныптарын жабылып қалудан аман сақтап қалғанының өзі ерлікке пара-пар.
Бүгінгі күні Сақина Ғұмарқызы мен жан-жары, марқұм Мақтай Байғожин тәрбиелеген алты ұл-қыздың барлығы өз мамандықтарының үздіктері атанып, қазір әр салада еңбек етіп жүр.
Ұзақ жылдардан бері шәкірттерін сапалы білім нәрімен сусындатып, оларға саналы тәлім-тәрбие беріп, ұстаздық деген қасиеттің ұлылығын түсіндірген Сақина апайдың облысымыздағы басылымдардың қара шаңырағы «Сарыарқа самалы» газетінің тұрақты оқырманы екенін атап өтпеске болмас. Зейнеткерлікке шыққанына біршама уақыт өтсе де, өлке тарихы, аймағымыздағы жаңалықтар мен орын алған оқиғаларды дер кезінде жеткізетін «Сарыарқа самалы» газетінен бір сәтке қол үзбеген.
 Сақина Ғұмарқызы тәрбиелеген шәкірттері оның сабақ барысында газеттің әр нөмірін оқуға баулыған кездерін сағынышпен еске алады. «Қоңыраудың шырылдаған үнінен соң, Сақина Ғұмарқызы сыныпқа кешікпей келеді. Қолыңдағы бірнеше кітап-дәптерлердің арасында міндетті түрде «Қызыл Ту» газеті болатын. Біз туған тіліміздің құдіреті мен қасиетін, орны мен өркенді өзегін өрнектей насихаттайтын, ортақ ойдың ой-дауасына шақыратын, сабырмен сырласатын байыпты сипатымен, құнары мол мазмұнымен ерекшеленген аймақтағы аға басылымды оқып өстік», - деп шәкірттері жиі еске алады.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп дана халқымыз орынды айтқан. Сексен жастың шыңына жеткен ұстазға алдағы уақытта да зор денсаулық пен бақыт тілейміз. Ағайын туысқандарыңыздың арасында бақытты күн кешіп, жүзге жетіңіз деген Павлодар ауданы, Чернорецк ауылы, қазіргі Преснов орта мектебінің 1972 жылғы түлектеріңіздің тілегін де жеткіземіз.    
 А.ЕСІМХАНОВА.
 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31