АҚСАҚАЛДАРДЫҢ БАТАСЫН АЛДЫ

Бейсенбі күні облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев өңірімізге танымал, әр салада жемісті еңбек атқарған ақсақалдармен кездесті. Ақ дастарқан басына жиналған ата-әжелер аймақ басшысына ақ тілектерін жолдап, өз ойларын ортаға салды.

Жиналған көпшілікті жаңа жылдың алғашқы күнімен құттықтаған аймақ басшысы ұлу жылы ұлы істерге толы болсын деген ізгі лебізін жеткізді.

- 2011 жыл еліміз үшін де, өңіріміз үшін де табысты болды. Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өттік. Аймағымыз экономика, әлеуметтік сала бойынша көшбасшылар қатарында келеді. Әлеуметтік, спорттық нысандар салынуда. Биыл Кенжекөл және Ленин елді мекендерінде жаңа мәдениет үйлерінің құрылысы басталады деп жоспарлануда. Зейнеткерлерге де барынша жағдай жасалуда. Зейнетақы көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Ардагерлерге арналған клубтар ашылуда. Мәселен, өткен жылы Екібастұз, Ақсу қалаларында және өзге де аудан орталықтарында ардагерлер клубы пайдалануға берілді. Тұрғын үйлер бой көтеруде. Мұның барлығы ата-әжелерімізге жасалып жатқан құрмет пен ізеттің айқын көрінісі. Қарттарүнемі қатарда. Сондықтан, ел бірлігін берік ұстауда олардың орны ерекше,-деді Бақытжан Әбдірұлы.

Ардагерлердің өтініш-тілектеріне құлақ асқан аймақ басшысы 2011 жылдың қорытындысы бойынша қол жеткізген жетістіктерді, толайым табыстарды санамалап өтті. «Кездесуді ұйымдастырудағы басты мақсатжаңа жылда ата-әжелердің ақ батасын алып, ізгі тілектерін тыңдау. Қазақ халқы әрдайым үлкендердің айтқанына тоқтап, ақыл-кеңесін жерге тастамаған. Сондықтан, сіздердің ой-пікірлеріңіз біз үшін маңызды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген тамаша сөз бар халқымызда. Ақылдасып, пікір алмасу біздің жұмысымызға серпін бермесе, кері ықпал етпейді. Бір шаңырақ астына жиналып, әңгіме-дүкен құрудың еш артықшылығы жоқ»,- деді өңір басшысы.

Шарада өңірімізге белгілі еңбек ардагерлері Қабдеш Нұркин, Асығат Әлкенов, Амур Жазин, Мойылжан Қанаев, Ерсайын Бимағанов секілді ақсақалдар сөз сөйлеп, аймақ басшысына бірқатар ұсыныс-тілектер жолдады. Мәселен, М.Қанаев ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелерді тілге тиек етсе, А.Әлкенов алюминий өндірісінің алға басып келе жатқанын мақтанышпен айтты. Ал республика бойынша тұңғыш рет Павлодар қаласындағы №1 шағын ауданның ардагерлер кеңесін құрған Е.Бимағанов аға буынға толыққанды жағдай жасалып жатқандығын жеткізді. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Жазин өткен жылдың қорытындысы көңілге қонымды болғанын баса айтты. Жиналған көпшілік Бақытжан Әбдірұлының жұмысына сәттілік тіледі.

 

Фархат ӘМІРЕНОВ,

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31