Даулы оқиғаға нүкте қойылды

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында  ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасы – Тәртіптік кеңесінің отырысы өтті. Алқалы жиында өткен жылы Екібастұз қаласындағы №14 «Малышок» балабақшасы мен «ЭлМОН-ЭК» ЖШС арасында болған даулы оқиғаға нүкте қойылды.

Тәртіптік кеңес төрағасы Нұрлан    Рамазановтың төрағалығыменөткен        жиын барысында бірқатар облыстық басқарма бастықтары мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы  заңнамаларын, сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің ар-намыс Кодексін сақтау бойынша есеп берді. Кемшіліктер мен қайшылықтар жоқ емес, бар. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Қанат Қашкировтың айтуынша, мемлекеттік мекеме жұмысында заңнамалар ережелеріне қайшы үш бірдей оқиға анықталды. Ал облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымовтың сөзіне қарағанда, өзі басқаратын құрылымда жеке тұлғалардың өтініштерін қабылдау барысында жіберілген олқылықтарға жол берген қызметкерлер тиісті жазаларын алған. Осындай жағдайлар облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында да кездескен. Ведомстволар басшыларының сөзіне сенсек, қазіргі кезде жоғарыда атап өткен кемшіліктерді енді болдырмау мақсатында бекітілген жоспарлар бойынша тиісті шаралар жүзеге асырылуда.

Есеп беруден соң кеңес өкілдері еліміздегі жемқорлықпен күрес заңнамасының талаптары бұзылған екі тәртіптік істі қарады. Оқырмандарымызға түсінікті болуы үшін 2011 жылы кеншілер қаласында орын алған оқиға туралы аз-кем түсіндіре кетсек. Сол кезде үш миллион теңгеден астам қаражатқа балабақшаның жылу, ыстық және суық сумен қамсыздандыру жүйесі, сондай-ақ, канализация желісін қалпына келтіру жұмыстары келісімшарт бойынша белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс еді. Бірақ, тексеру жасаған прокуратура өкілдері №14 «Малышок» мемлекеттік балабақшасы мен «ЭлМОН-ЭК» арасында  жасалған келісімшартқа сәйкес жұмыстар толық аяқталмағанына көздері жеткен. Атап айтсақ, су құбырлары дұрыс жөнделмеген. Ал тексеру комиссиясы құрамында болған Екібастұз қалалық білім беру бөлімінің бас бухгалтері Ольга Ситикова, қала бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының заңгер маманы Т.Амангелдиев және осы балабақша директоры қызметін атқарушы К.Әбдікәрімова  жөндеу жұмыстарының толық аяқталғаны туралы құжатқа қол қойған. Нәтижесінде, қызметтік іс қозғалды.

Тәртіптік кеңес мүшелерінің алдында осындай заңбұзушылыққа жол берген азаматтарға шара қолдану мәселесін шешу тұрды. Жиынға шақырылған О.Ситикова жөндеу жұмыстарының тәмамдалғаны туралы актіде қол қоюының себебін түсіндірді. Ол техникалық бақылау маманының сөзіне сеніп, осындай қадамға барған көрінеді. Ал заңгер Т.Амангелдиев болса, кәсіби салғырттығын мойындады. Шешім қабылдау барысында тәртіптік кеңес мүшелерінің пікірлері екіге жарылды. Олардың бірқатары айыпталушыларды жұмыстан босату керектігін алға тартса, екіншілері аталмыш іс бойынша тиісті қорытынды шығаруды Екібастұз қаласы әкімі мен қалалық білім беру бөліміне қалдыруды ұсынды. Нәтижесінде, бұл істі аталмыш мемлекеттік құрылымдар қарауына жіберілетін болды. Сонымен қатар, алдағы уақытта осындай олқылықтардың орын ала қалған жағдайда ескертулер жасалатын болды.

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2012 >
Д С С Б Ж С Ж
    2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29