Мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру - бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Сол себепті, өткен жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша басқармасы (Тәртіптік кеңес) Павлодар аймақтық мемлекеттік қызметкерлерді дайындау және біліктілігін арттыру орталығымен бірлесе отырып, 54 арнайы курс ұйымдастырды. Оған 942 адам қатысты. Оның ішінде 752-сі біліктілігін арттырса, 190-ы қайта даярлаудан өтті. Сондай-ақ, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына 14 адам, орталық мемлекеттік органдардың оқыту орталықтарына 60 мемлекеттік қызметші жолданды.
Мемлекеттік қызметкерлердің білімдеңгейін арттыруға басқармаменұйымдастырылған түрлі дәрежедегі семинарлар, ашық есік күндері, дөңгелек үстел отырыстары, брифингтер сияқты басқа да шаралар септігін тигізуде. Жалпы, былтыр облыс бойынша осындай жүз жиырмаға жуық шара өткізілді. Олар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында екі жүзге тарта материал жарық көрді.
Бүгінде мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін ондағы көрсетілетін қызметтің сапасы мен ұжымның біліктілігіне қарап бағалауға болады. Бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастыру мақсатында басқармамен, тәртіптік кеңес хатшылығымен бағалау әдістемесін түсіндіру бойынша семинарлар, мемлекеттік мекемелермен ұсынылған деректердің дұрыстығын анықтауға қатысты тексерістер, жасырын сауалнамалар, әлеуметтік сұраулар және тағы басқа шаралар өткізіледі.
Сондай-ақ, тәртіптік кеңеспен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы заң бұзушылықтардың алдын алу шаралары да жүргізіледі. Өткен жылы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуына байланысты 67 мемлекеттік органның жұмысы тексерілді. Бұл шараларға «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалының өкілдері, ардагерлер, басқа да мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері белсене қатысты. Мұнда заңнаманың орындалуына қатасты сараптама жүргізіліп қана қоймай, тәртіптік кеңестің уәкілеттілігінің шеңберінде тұрғындардың пікірі де зерделенеді. Әлеуметтік сұраулар арқылы жұртшылық мемлекеттік мекемелер қызметіндегі кемші тұстар, әкімшілік кедергілер жайында ашық пікір білдіре алады. Қабылданған отырған шаралардың барлығы бізге мемлекеттік қызметкерлерді оқыту үрдісінде қандай бағыттарға ерекше басымдық беру қажет екендігін, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік беруде.
Есептік кезеңде әлеуметтік сұраулар Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында және Успен, Қашыр, Железин, Ертіс, Шарбақты, Ақтоғай аудандарында, облысымыздың халыққа қызмет көрсету орталықтарында өткізілді. Оған үш жүзге жуық адам қатысты. Нәтижесінде, тұрғын үй-құрылыс шаруашылығы саласында, халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы түсіндіру жұмыстың оңтайлы ұйымдастырылмағандығы анықталды.
Әкімшілік кедергілерді төмендету және заңнама талаптарының бұзылуын жою үшін тәртіптік кеңеспен мемлекеттік орган басшыларына 189 ұсыныс әзірленді. Өткен жылы аталмыш кеңес мүшелерінің қатысуымен облысымыздың қалалары мен аудандарында 115 жеке қабылдау ұйымдастырылып, оның барысында әртүрлі сұрақтармен келген 155 азамат қабылданды. Негізінен, басқармамен және тәртіптік кеңеспен барлығы 394 өтініш қаралып, олар бойынша тиісті шаралар мен шешімдер қабылданды.
Біздіңше, жүргізіліп отырған сауалнамалар жыл сайын мемлекеттік қызметшілер мен лауазым иелері арасында сыбайлас жемқорлық фактілерінің төмендеуіне септігін тигізіп отыр. Мысалы, егер де 2008 жылы 104 тәртіптік іс қаралған болса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 85-ке төмендеді. Ал 2010 жылы 73, 2011 жылы 46 іс қаралды. Дегенмен, тәртіптік кеңестің өрескел құқық бұзушылыққа жол бергендерге қатысты талабы төмендеген жоқ. 2010 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнама талаптарын бұзған 7 мемлекеттік қызметші жұмысынан босатылды. Өткен жылы 8 адам қызмет орнымен қош айтысты.
Былтыр тәртіптік кеңесте мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнама талаптарын сақтау және халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 108 мәселе қаралды. Қабылданған шешімдер мен талқыланып отырған мәселелер жариялы түрде болуы үшін әрбір отырысқа бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатыстырылды.
Жалпы сараптап қарайтын болсақ, өткен жылы көбіне мемлекеттік сатып алулар, жеке кәсіпкерлікті лицензиялау, білім беру саласындағы азаматтық қызметке қабылдану, атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі, өрт қауіпсіздігінің сақталуы, жер қатынастары мәселелеріне қатысты тәртіп бұзушылықтар орын алды. Сол себепті, биыл аталмыш мәселелер бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту және тиісті заңнама нормаларын оқытуды ұйымдастыру көзделіп отыр.
Елбасының Жарлығымен мемлекеттік қызмет моделінің жаңа тұжырымдамасы бекітілді. Басқарма қызметкерлерімен аталмыш тұжырымдаманың негізгі қағидаларын таныстыру, түсіндіру шаралары өткізілді. Ағымдағы жылы ҚР 2020 жылға арналған Стратегиялық даму жоспарының орындалуына бағытталған мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу бойынша кезегін жүзеге асыру көзделген.
Тұжырымдаманың қағидалары мен анықталған міндеттерді іске асыру қоғам сенімін ақтауға және халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге қабілетті мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруді қамтамасыз етеді.
Бір атап өтерлігі, Павлодар облысында барлығы 491 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Ондағы мемлекеттік қызметкерлер саны – 4921. Олардың 61 пайызын әйел адамдар құрайды. Жоғары білімі бар қызметкерлер 4032-ні құрап отыр (немесе 78,2 пайыз). Мемлекеттік қызметтің орташа өтілі – 10,6 жыл.
Нұрлан РАМАЗАНОВ,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Павлодар облысы бойынша басқармасының бастығы, Тәртіптік кеңес төрағасы.

