Конституцияда тұңғыш рет Қазақстан тұрғындарының құқықтары мен міндеттері бекітіліп, басқару билігінің үш тармағы - заң шығарушы, атқарушы, сот билігінің құзіреттері айқындалды.
Конституцияның 8 бабында: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтық принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады» деп көрсетілген. Еліміздің әлемдік деңгейде бағындырған белестері мен асқан асулары осы нормаларды сақтағаннан болса керек.
Ал 12 бабының 1 және 2 тармақтарында – Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген.
Бүкіл халықтық талқылауға түсіп, сындарлы пікір таразысынан өтіп, өмірге жолдама алғандықтан шығар, Ата Заңымыздың тұғыры биік, міндеттері мәртебелі. Маңызды құжатта қоғамның, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік саланың, мемлекеттік және құқықтың сара жолдары айқын да ашық атап көрсетілген.
Конституциямыздың келешекте еліміздің алдыңғы қатардағы мемлекет болуына, демократияның, тиімді экономикалық реформалардың қалыптасуына жағдай жасайтын басты нормативтік құжат бола беретіні анық. Сондықтан әрбір қазақстандық Конституцияда көрсетілген өз құқықтары мен міндеттерін терең түсініп, оны құрметтей білуді естен шығармағандары жөн.
Павлодар қаласының прокуратурасымен 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында ҚР Бас Прокурорының бұйрығына сәйкес адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының міндетті түрде сақталуын қамтамасыз етуде бірқатар нәтижелі жұмыстар жүргізілді. 1-ші жартыжылдық қорытындысы бойынша бұл бағытта 5 806 адам мен азаматтың құқығы қорғалды.
Есепті мерзімде қалалық прокуратурамен осы бағытта 7 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 640 заң бұзушылық анықталып, заң бұзушылықтарды болдырмау туралы 1 ұсыныс пен 6 ұйғарым енгізіліп, прокурорлық ықпал ету актілерінің негізінде 5 тұлға тәртіптік, 6 тұлға әкімшілік жауапқа тартылған.
Мысалы, қалалық прокуратурамен Павлодар қаласының әкімшілік аумағында орналасқан «Павлодарсоль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 3 (үш) айдан бері жалақы төлемеу фактісіне байланысты жүргізілген тексеру жұмысын айтуға болады. Тексеру нәтижесінде 2010 жылдың 1 қаңтарында барлығы 75 қызметкерге 2009 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларындағы жалақы қарызы 5.126.000 теңгені құрағаны анықталды.
Қалалық прокуратурамен «Павлодарсоль» ЖШС-нің директорына Серіктестікте жұмыс істейтін 75 қызметкердің Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында он күн мерзім ішінде қызметкерлерге тиесілі 5.126.000 теңге көлеміндегі жалақыларын төлеуді қамтамасыз ету мақсатымен заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізілген.
Ұйғарым «Павлодарсоль» ЖШС-нің директоры негізімен қаралып, нәтижесінде Серіктестікте жұмыс істейтін 75 қызметкерге 2009 жылдың қазан, қараша және желтоқсан айларына берешек жалақы қарызы 5.126.000 теңге толығымен төленіп, аталған 75 қызметкердің Конституциялық құқықтары қорғалған.
Сондай-ақ, «Аманат» жауапкершілігі шектеулі Серіктестігінде Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі талаптарының сақталуына, оның ішінде жұмысшыларға жалақы қарыздарын өтеу заңдылығына жүргізілген тексеру нәтижесінде Серіктестік тарапынан 271 қызметкерге 2010 жылдың шілде айына берешек жалақы қарызы 10.035.099 теңгені құрағаны анықталған.
Қалалық прокуратурамен «Аманат» ЖШС-нің директорына Серіктестікте жұмыс істейтін 271 қызметкердің Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында он күн мерзім ішінде қызметкерлерге тиесілі 10.035.099 теңге жалақыларын төлеуді қамтамасыз ету мақсатымен 13.08.2010 жылы заңды бұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізілген.
Ұйғарым «Аманат» фирмасы ЖШС-нің директоры негізімен қаралып, нәтижесінде Серіктестікте жұмыс істейтін 271 қызметкерге 2010 жылдың шілде айына берешек қарызы толығымен төленіп, аталған 271 қызметкердің Конституциялық құқықтары қорғалған.
Міне, бұл Ата Заңымыздың арқасында жасалған жұмыстардың бірен-сараны ғана. Азаматтардың құқығын қорғауда Ата Заңымыз - таптырмас қайратты құрал әрі маңызды тетік.
Мұрат МҰЗАТОВ,
Павлодар қаласы прокурорының аға
көмекшісі, бірінші санатты заңгер.

