ЕЛ ҚОРҒАНЫ бір топ жастар әскер қатарына аттанды

 

Облысымыздан биыл әскер қатарына шақырылғандардың алғашқы легі жауынгерлік борышын өтеуге аттанды. Павлодар қаласындағы Даңқ обелискісінің жанында оларды шығарып салуға арналған салтанатты шара өтті. Жалпы осы жылы көктемгі науқанда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері  сегіз жүзге жуық павлодарлықпен толығады.

 

Болашақ сарбаздарды шығарып салуға ата-аналары, туған-туыстары мен жолдастары келді. Сондай-ақ, шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, облысымыздың қорғаныс істері жөніндегі департамент басшылығы мен офицерлік құрамы, ҚР Қорғаныс министрлігі құрылымдарының өкілдері қатысты. «Елдің елдігі, халықтың жарқын болашағы жолында  «ереуіл атқа ер салған», «егеулі найза қолға алған» бабалардың жүріп өткен даңғыл жолын жалғастырушы жастар Отан алдындағы абыройлы борышын өтеуге әскерге аттанып барады. Әскери қызмет ұлтжандылықты, жауапкершілікті талап етеді. Әрбір ер азаматтың бойында болуы тиіс бұл қасиеттер бүгінгі әскер қатарына шақырылған жастарға жат емес екендігіне сенімдімін. Олар Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында әскерге аттануда. Сондай-ақ, биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы екендігін ескерсек, сарбаздарымызға ерекше жауапкершілік жүктеліп отыр. Олар бұл абыройлы міндеттерін қалтқысыз атқарып шығатындығына сенімдіміз», - деді Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Асайын Алдажаров.

Салтанатты шараға әскер қатарына шақырылған алпысқа жуық жас қатысты. Олардың басым бөлігі - жоғары немесе орта арнаулы білімі бар және салауаттылық әрі сергектік дайындығы жақсы жастар Қапшағай қаласында орналасқан аэромобильдік (бұрынғы әуе десанттық) әскерге, 32363 әскери бөлімшесіне таңдалып алынған. Ал «жүргізуші-электромеханик» мамандығы бойынша әскери-техникалық мектеп тәмамдаған 13 павлодарлық Семей қаласындағы «Шығыс» аймақтық әскери басқарушылық бөліміне қабылданды. «Бүгін біз үшін аса жауапты күн. Өмірдің жаңа белесі басталады. Шыны керек, кеудемді зор мақтаныш сезімі кернеп тұр. Еліміздің беделді аэромобильдік әскеріне алындым. Толқу да бар. Менің атам, әкем, ағаларым да кезінде әскери борышын абыроймен атқарып келді. Сондықтан олардың сенімін ақтауға тырысамын», - дейді әскер қатарына шақырылушы Дәурен Дүйсенов.

 

Д.АЙТПАЙҰЛЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31