САРБАЗДАР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Сенбі күні Павлодар қаласындағы 5512 ішкі әскер бөлімінің жас сарбаздары салтанатты түрде ант қабылдады. Шараға әскери міндетін өтеушілердің ата-аналары қатысты.

altАлматы қаласы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылынан Павлодарға келіп, Отан алдындағы борышын өтеп жатқан Сырым Кенжебаевтың 5512 әскери бөлімде жүргеніне екі айдан асты. Оқу-жаттығу жиынынан сүрінбей өткен ол ата-анасының алдында тұрып, әскери ант қабылдады. «Бүгін - мен үшін ерекше күн. Офицерлердің екі  ай бойы үйреткен қимыл-қозғалыстары мен темірдей қатал тәртібін туған-туыстарымның алдында паш еттім. Мұнда келгелі өзімді туған елімнің нағыз патриоты сезіндім.  Жаңа достар тауып, өмірдің қатал тәртібіне үйрендім. Ата-анаммен қауышып, айрықша күйге бөлендім. Отанға адал қызмет етіп, дархан даламның тыныштығын сақтауға сақадай саймын»,- дейді Сырым. 5512 әскери бөліміндегі сарбаздардың дені - Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облысының өкілдері. Қазіргі таңда мұңда жүз жиырмаға жуық сарбаз бар. Оның тең жартысы салтанатты түрде ант қабылдады.

Е.ҚЫЗДАРБЕК.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31