Жақында Алматы қаласындағы «Үш қиян» баспасынан республикамызға танымал болып қалған өңіріміздің талантты жас ақыны Қуанышбек Шармановтың тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. «Сиялы сыр» деген атты қаламгердің жүрек түкпірінен сыр шертетін кітапқа жастық шақ, махаббат, имандылық секілді тақырыптарды қамтыған өлеңдер енген.
«Кітапты баспадан шығаруға қаражат өз тарапымнан болды. Мұндағы ойым болдым - бүгінгі өлеңімнің тынысын, біраз жылғы еңбегімді оқырманға жеткізу» - дейді талай аламан айтыстар мен мүшәйраларда алдына жан салмаған Қуанышбек. Республика көлемінде өңіріміздің намысын арқалап жүрген жас ақынның жыр жинағы біз үшін де қуаныш болып отыр.

