ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ

Халықтар ынтымағы мен бірлігін берік ұстанған көпұлтты еліміз – баршаға үлгі.

Павлодар облысында бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан түрлі ұлт өкілдері өздерінің төл мәдениетін, тілі мен салт-дәстүрлерін дамыту мүмкіндігіне ие.

Этно-мәдени бірлестіктер облыс орталығында ғана емес, сонымен қатар аудандарда да баршылық.

Мәселен, Қашыр ауданы - көпұлтты өңірлердің қатарынан саналады.
Ауданда жиырмадан астам ұлт өкілдері тұрады.

Олардың көпшілігін қазақ және орыс тұрғындары құрайды.

Мұнда, сондай-ақ, немістер, шешен-ингуш пен әзірбайжан, татар мен тәжік,

грузин мен поляк және болгар ұлтының өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүруде.

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, 1941 жылдың тамыз айында ауданға 146 адамнан тұратын 53 отбасы қоныс аударып келді.

Құшақ жая қарсы алған Қашыр жері олар үшін шынайы отанына айналды.
Бүгінде ауданда Қазақстан халқы ассамблеясының жеті филиалы жемісті жұмыс істеп жатыр,

олар мұндағы қоғамдық өмірге белсенді қатысушылар болып табылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық мәдениет басқармасының ұйытқысымен өтетін Қазақстан халықтарының фестивалі мұнда зор маңызға ие.

Мәдени шарада Қашыр ауданы бірнеше мәрте жүлдегер атанды. 

Өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген өзге ұлт өкілдері облыс орталығында

Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын фестивальдер мен түрлі шараларға үзбей қатысады.  
Солардың бірі - «Прялица» халықтық фольклорлық ұжым негізінде құрылған славян этно-мәдени бірлестігі.

Бұл ұжымның үйірме бөлмелері, сахналық костюмдері, ойнайтын аспаптары бар.

Бірлестіктің репертуар қоржынында 200-ден астам шығарма мен көне салт үлгілері топтастырылған.

Ұжым аудандық мәдениет үйінің мерекелік шаралары мен концерттік бағдарламаларына белсенді түрде қатысады.

Верненка ауылдық округінде - белорус этно-мәдени бірлестігі жұмыс істейді.

Ұжым құрамындағылардың барлығы дерлік - ауыл жастары.

Әртүрлі ұлт өкілдері белорус халқының ең озық дәстүрлерін насихаттап,

тарихы мен салттарын үлкен қызығушылықпен үйренуде.

Ал Песчан ауылындағы «Роза Кляйн» неміс этно-мәдени бірлестігі аудан тұрғындары тарапынан құрметке ие.

Бұл бірлестік Песчан ауылының №2 жалпы білім беру мектебіндегі мұғалімдердің неміс ұжымы негізінде құрылған.

Оның жетекшісі Виолетта Мешкаускастың айтуынша, ұжымның ұлттық киімдері жетерлік,

репертуарларын әрдайым жаңартып отыруға да көңіл бөлінеді.
Ауданда бұдан да басқа ұлттық өнер ұжымдары бар.

ҚХА аудандық филиалы жұмысының жыл сайынғы жоспарында діни қызметкерлермен кездесулер,

облыс орталығындағы мәдениет мекемелерінің өнерлерін тамашалау,

халықтық және ұлттық мейрамдарды өткізу қарастырылған.

Мұның әрқайсысы мәдени мұраны жаңғыртуға бағытталған.
2010 жылдың 30 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің

20 жылдығына арналған «Достық. Бірлік.

Тәуелсіздік» атты Қазақстан халқы мәдениеті мен өнерінің 13-ші облыстық іріктеу кезеңіне ауданның жүзден астам талантты тұрғыны қатысты.
Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шеруге ұйымдар мен мекемелердің өкілдері,

соғыс және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері,

Тереңкөл ауылындағы білім беру ошақтарының шәкірттері,

балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері және этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.
Көршілес аймақтармен ынтымақтастық игі дәстүрге айналды.

Ресей Федерациясы Новосібір облысындағы Баған ауданының делегациясы ауданның достық,

мәдениет және спорт мерекелерінің бірнеше мәрте қонағы болды.

Екі аудан арасында өмірдің түрлі салаларында ынтымақтастық және достық жөнінде келісімге қол қойылды.

Ауданның делегациясы Баған ауданында әлденеше рет болып қайтты.

Этно-мәдени бірлестіктердің көркемөнерпаз ұжымдары концерттер ұйымдастырады.
Біздің жеріміздегі бейбітшілік пен келісім - бұл осында тұрып жатқан адамдардың достық шырайлары мен ұлы даналықтың жемісі.  

                                                                                                                                                              Өз тілшіміз.



 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Ақпан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 27
28