«Эльбруске» - 5 жыл!

«Эльбрус» кабардин-балкар және карачай-черкес ұлттық-мәдени бірлестігі өзінің бес жылдық мерейтойын атап өтті. «Достық» үйінде өткен айтулы шараға облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Людмила Хочиева, Қазақстан халқы Ассамблеясы секретариатының кеңесшісі Наталья Калашникова және Ассамблея филиалының өкілдері қатысты.

Шара барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Людмила Хочиева «Эльбрус» ұлттық-мәдени бірлестігінің төрайымы Мария Байрамкулованы Қазақстан халқы ынтымақтастығын нығайту жолында атқарған елеулі еңбегі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоғжанұлының атынан Алғыс хат тапсырып, сыйлықтарды тарту етті.

Бірлестік мүшелерін мерейтоймен құттықтаған Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының активі аталмыш төрт ұлттың басын біріктірген орталық еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығын сақтауға айрықша үлес қосып отырған беделді ұйым екендігін атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Павлодар облысындағы толыққанды мүшесі ретінде қалыптасқан «Эльбрус» бірлестігі әлі жас болса да, өзінің ұлтжанды өкілдерімен, өнерпаз жастарымен және данагөй қарияларымен танымал. Солтүстік Кавказ жерінде ғасырлар бойы ғұмыр кешкен карачайлар, балкарлар, черкестер мен кабардиндарды бір шаңырақтың астына біріктіріп отырған бірлестік 2005 жылы ашылған. Бүгінгі таңда Шарбақты, Успен және Павлодар аудандарында филиалдары бар. «Эльбрус» орталығы тек өз ұлтының мәдениетін, тілін, дәстүрі мен салтын жаңғырту жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, қазақ тілін үйретуді де маңызды істердің бірі деп санайды.

Мерекелік шара кабардин-балкар және карачай-черкес ұлттық-мәдени бірлестігі өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. «Куанч» вокалдық тобының күміс көмей әншілері ән шырқап, «Алан» хореографиялық тобының мүшелері мың бұрала би биледі. Сондай-ақ бірлестік жанындағы шығармашылық ұжымдар барша халықты өз өнерімен тамсандырды.

 

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30