Бандура мен доМбыра үндесіп...

Жақында «Достық үйінде» ерекше шығармашылық кеш өтті. «Т.Шевченко атындағы украин мәдениетінің жолдастығы» қоғамдық бірлестігі мен «Достық үйінің» өнерпаздарының бірлесуімен концерт ұйымдастырылды. «Домбыра мен бандура әуендері Ертіс өңірінде» деп аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Әлия Ғалымова қатысты.

«Т.Шевченко атындағы украин мәдениетіның жолдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Михаил Парипса қазақ пен украин ұлты үшін қасиетті саналатын аспаптарды біріктіріп, шығармашылық кешті ұйымдастыруға облыс әкімінің орынбасары Әлия Қайратқызы мұрындық болғанын атап өтті. Домбыра мен бандура үні әуелеген кешке арнайы қонақтар келді. Олардың қатарында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жарасбай Сүлейменов, «Ватра» украин мәдениеті орталығының «Украинские новинки» газетінің редакторы Тарас Чернега, Қарағанды облыстық украин ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Мирослав Зеленюк болды.

Екі ұлттың достығын әспеттейтін шара барысында жиналған қауым қос аспаптың әуелеген үніне құлақ құрышын қандырып, қатысқан өнер иелерінің талантына тәнті болды. Әлия Апушева жетекшілік ететін «Домбыра» ансамблінің домбырашылары қазақтың күйлерін орындады. Ертіс өңіріне аты танымал Әмірғали Бекболатов қазақтың қара домбырасымен украин тілінде ән айтса, украин ұлтының өкілі Александр Верещак Біржан Салдың әндерін орындап берді.

 

Ақмарал ЕСІМХАНОВА.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29