ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді шын ниетіммен татулықтың тал бесігіне айналған 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын.
Елбасымыз Қазақстан Халқы Ассамблеясының XVII сессиясында: «1 мамыр мерекесі біздің еліміздің 20 жылдық тәуелсіздік тарихындағы басты мерекелердің бірегейі» деп атап өткен болатын.


Егеменді ел атанғалы бұл мерекенің маңызы артып, ұлт пен ұлысты ұйыстырып, мызғымас бірлік пен дархан достықтың нышанына айналды.    
Біздің барлығымызды да мемлекетіміздің өркендеуі жолындағы ортақ тарих, ортақ мақсат, ортақ мүдде біріктіреді.  Ал ең бастысы – еліміздегі тұрақтылық пен қарышты дамудың кепіліне айналып отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа халықтың сенімі аса зор. Бұған жуырда сәуір айында өткен кезектен тыс Президент сайлауы айқын дәлел.
Бүгін біз бақуатты да қуатты, өркендеу мен гүлденген мемлекетте өмір сүріп, еліміз бен ұрпағымыздың  болашағы жарқын екендігіне көз жеткізіп отырмыз.
Қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты нығайтуда Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының қосып отырған үлесі ұшан-теңіз. Жалпыұлттық келісімнің керемет үлгісін жасаған озық құрылым халықаралық деңгейде мәртебеге ие болды.
Қазіргі күні біздің облысымызда 19 этно-мәдени орталық пен этностардың ақсақалдар кеңесі белсенді жұмыс жасауда. Олардың жүйелі жұмыстарының арқасында біз барлық қазақстандық этностардың мәдени тұрмысын сақтап қалдық. Ұлтаралық келісім мен халқымыздың бірлігі – еліміз бен аймағымыздың экономикасын жедел өрлету мен қарқынды дамуының  кепілі.
Шуақты мереке күні сіздерге, отбасыларыңызға және туған-туыстарыңызға зор денсаулық, баянды ғұмыр және мол береке тілеймін. Байтақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы көркейіп, нығая берсін!


Павлодар облысының әкімі
Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
           
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31