АТА САЛТЫН ДӘРІПТЕГЕН

Әр елге өзінің ғасырдан-ғасырға жалғасқан қайталанбас тарихы мен рухани болмысы мәлім. Мысал үшін, болгар халқының ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып жалғасып келе жатқан асыл да ардақты мол мұрасы мен рухани құндылығы әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан емес. Өйткені Павлодар болгарларының «Славяне»  қоғамдық қорындағы аға буын өкілдері өсіп келе жатқан жас ұрпаққа өз халқының ұлттық дәстүрін насихаттап, соған лайықты тәрбиелеу жолында абыройлы еңбек етуде.
Көптеген ұлттардың басына қиын заманды тудырған сталиндік қуғын-сүргін болгар ұлтын айналып өтпеді. Олардың аумақтық автономиясы мен мәдени ошақтарының көздері жойылды. Ал 1941 жылы Бессарабияда ауқатты және орташа тұратын болгар отбасылары Сібірге жедел түрде жер аударылады. Міне, осылайша тағдыр тәлкегіне ұшыраған болгар халқы ұлан-ғайыр қазақ жеріне келіп қоныстанды. Пейілі кең, көңілі дархан қазақ жері  қиындыққа  тап болған болгарларға да пана болды.
Басынан небір қиын-қыстау кезеңдерді өткеріп, тарихи атамекенінен айырылған халық өздерінің ана тілі мен ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап қалуға барын салды. Болгар отбасыларының ақсақалдары мен жастары өз рухани құндылықтарын ардақтап, келер ұрпаққа жалғастыруға үлкен ынта-ықылас білдірді. Осы жағдай Ертістің Павлодар өңірінде болгарлардың ұлттық мәдени орталығын құруға ықпал етті. Нәтижесінде, 2002 жылдың 2 сәуірінде Қазақстанда «Славяне» атты этникалық болгарлар қоры ресми түрде тіркеуден өтті. Қазіргі кезде облысымызда ашылған мәдени орталық қанатын кеңге жайып, жемісті еңбек етуде. Оның Қашыр, Ақтоғай және Ертіс аудандарында филиалдары ашылып, ұлттық құндылықтарды насихаттау, жаңғырту жолында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, бүгінгі күні орталықта болгарлардың ұлттық өнер, әдет-ғұрып, ана тілін дамыту, тарихи Отандарымен байланыс орнатуға бағытталған түрлі бағдарламалар баршылық. Олардың қатарында Болгарияда білімін жалғастыруға ниет білдірушілерге арналған өз елдерінің тарихын, тілі мен әдебиетін оқытатын арнайы оқу бағдарламасы да бар. Сондай-ақ, ұлттық мерекелерді жаңғырту, Қазақстан және Болгария елдерінің өнер ұжымдарының өзара тәжірибе алмасуы да қарастырылған. Және ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында қазақстандық және болгарлық ғылым өкілдерімен байланыс жасау ісі қолға алынған.
Орталықтың бір мыңнан аса мүшесі бар. Болгарлардың арасында туған тілдерінде сөйлейтін адамдар бірен-саран. Сондықтан, ана тілін өскелең ұрпаққа үйрету мәселесін шешу негізгі мақсатқа айналды. Мәдени орталықтағы аға буын өкілдерінің ниетімен Ұлттық жаңғыру мектебінде болгар бөлімшесі ашылып, Болгариядан арнайы тіл мамандары шақырылды.
Павлодарлық болгарлар өздерінің салт-дәстүрлерін, өнері мен мәдениетін тек өздері ғана үйреніп қана қоймай, сонымен қатар, өзге ұлт өкілдеріне де танытуға ықылас білдіруде. Олар облыс көлемінде өтетін көптеген мәдени шараларға белсенді қатысып, ұлттық дәстүрді дәріптеу бағытында көптеген жұмыстарды атқаруда.


Әзірлеген – Д.АЙТПАЙ,

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31