АССАМБЛЕЯНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Кеше «Достық» концерттік залында Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясы болып өтті. Алқалы жиынға облыс әкімі, аймақ бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысып, баяндама жасады. Шараға сондай-ақ өңіріміздегі барлық этно-мәдени бірлестіктер, оларға қарасты жастар қанаттары мен ақсақалдар кеңестерінің  төрағалары, қоғамдық  және діни ұйымдардың өкілдері қатысты.

Сессия «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліктің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбында өткізілді. Шара барысында сөз алған аймақ басшысы еліміздегі бірегей қоғамдық институт болып табылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарған игі істерін тілге тиек етіп, ел Тәуелсіздігінің 20 жылында қол жеткізген толағай табыстарға тоқталып өтті.

Барша қазақстандықтардың басын қосқан Қазақстан халқы Ассамблеясыел бірлігін нығайту жолында игі бастамаларға жол ашып, татулықтың таптырмас үлгісін көрсетіп отырғаны белгілі. Бақытжан Әбдірұлы өз баяндамасында Павлодар өңірі түрлі ұлт өкілдері арасындағы тұрақтылық пен келісімді нығайтып, этносаралық қарым-қатынасты арттыруға барынша күш салып отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар, таяуда облыс орталығының орталық көшелерінің бірінде мызғымас ынтымағымыздың нышаны іспеттес Достық аллеясы ашылып, «Ел қазынасы» жобасы аясында «Ертісдостық өзені» атты халықаралық фестиваль өтетінін жеткізді.

Жиында баяндама жасаған қатысушылар қауымы Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан қойылған мақсат-міндеттер аясында ой өрбітіп, жиын тақырыбы төңірегінде өздерінің ұсыныс-тілектерін білдірді. 

Шара қорытындысы бойынша ҚХА облыстық филиалының ХVІІ сессиясына қатысқан өкілдер республика азаматтарына арналған Үндеуін бірауыздан қабылдап, жария етті. «Ассамблеяның ХVІІ сессиясының қатысушылары Қазақстан халқының ұлттық рухыдәстүр, отансүйгіштік, жаңару мен жеңіс рухын нығайтуға шақырады. Біз ел азаматтары, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен бірлесе отырып, күшті, ырыс-ынтымағы тасыған, өркенді дамыған Тәуелсіз Қазақстанды құратынымызға сенеміз!», - десті олар.

Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVІІ сессиясы туралы толық материалды газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

Өз тілшіміз.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31