ДУМАНҒА ТОЛЫ «САБАНТОЙ»

Ұлттар достастығы бүгінде Қазақстан халқының ең басты құндылығына айналып отыр. Бейбітшілік пен татулықтың кепілі болған елімізде түрлі диаспоралар мен ұлт өкілдері еркін өмір сүріп, ұлттық салт-санасын, дәстүрін ұлықтауға зор мүмкіндік алуда. Павлодар қаласының орталық саябағында татар-башқұрт халықтарының «Сабантой» мейрамының кең көлемде аталып өтуі - осының айғағы. Көктемгі егін салу науқаны аяқталып, қызу қарқынды жұмыс саябырлаған кезде тойланатын бұл мерекенің тарихы тереңде жатыр. Сабантойда бірін-бірі құттықтап, ұлттық әндерді шырқап, билерді билеу, палуандарды белдестіру - ертеден келе жатқан дәстүр. Өңіріміздегі татар-башқұрттармен қатар өзге де ұлт өкілдері атсалысып, көрігін қыздырған мейрам биыл да ерекше думанмен мерекеленді.

 

Шараның ашылуында сөз  алған Павлодар облысы бойынша Қазақстан  халқы Ассамблеясының аппарат меңгерушісі Сейсембай Жетпісбаев татар-башқұрт халқын ұлттық мейрамымен құттықтап, еліміздің бүгінгі басты жетістігі тұрақтылық пен бірлік, татулық пен достық екенін атап өтті.

Жарқынбек АМАНТАЙ.

 

 

 

(Материалдың толық нұсқасын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жылғы 14 маусымдағы номерінен оқи аласыздар)

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Маусым 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30