Қазақстан халқы мәдениеті мен өнері фестивалі жергілікті шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Павлодар қалалық мәдениет және демалыс саябағында өткен мәдени шараға облыс бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы аппаратының мүшелері, сондай-ақ, қала тұрғындары қатысты.
Тарихқа көз жүгіртсек, Павлодар облыстық шешен-ингуш мәдени бірлестігі осыдан 16 жыл бұрын, яғни 1995 жылы құрылған. Мухарбек Эльмурзиев аталған орталықтың бірінші басшысы болып тағайындалды. Қазіргі кезде орталықты Абдурашид Абубакаров басқаруда. Сол кезеңнен бастап адамгершілік және ұлттық құндылықтарды құрмет тұту үлгісінде ұрпақ тәрбиелеген вайнахтар өңіріміздегі өзге ұлттар арасындағы достықты нығайту жолында еңбек етуде. Бүгінде орталықтың Шарбақты, Павлодар, Қашыр, Ақтоғай аудандарында филиалдары да бар.
А.ЕСІМХАНОВА.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 2 шілдедегі номерінен оқи аласыз)

