ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ЖАҢАША ҚАРҚЫНМЕН

 

     Облыстық әділет департаменті екінші жарты жылдыққа жақсы көрсеткіштермен аяқ басып отыр. Аталмыш органның қалалық, аудандық құрылымдары мекеме жұмысының негізгі бағыты бойынша жұмыс сапасын арттыра түскендігі байқалады. Біраз жаңашылдықтар да жоқ емес.
     Жыл басынан тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу ісі қарқынды жүргізілуде. Мақсат - әрбір азаматты келешекте салық төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН) мен жеке әлеуметтік кодын (СИК) алмастыратын жеке идентификациялық нөмірі бар куәліктермен қамтамасыз ету. Нәтижесінде облыс бойынша өткен алты ай қорытындысына сәйкес барлығы 76 600 тұрғын рәсімдеуден өткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе жоғары көрсеткіш. Дегенмен әлі де болсын құжатын ауыстыруға асықпайтын тұрғындар бар көрінеді. «Сондықтан біз жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып жеке басын растайтын құжаты жоқ және әлі күнге дейін кеңес үкіметі кезіндегі ескі паспорттармен жүрген аймақ тұрғындарын құжатпен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар жоспарын құрдық. Оның негізінде облысымыздың жекелей елді мекендерін аралап, құжатсыз тұрып жатқан азаматтарды анықтап, тұрғындарды жеке идентификациялық нөмірі бар куәліктерімен қамтамасыз ету мақсатында арнайы мобильді топтар құрылды», - дейді Павлодар облыстық әділет департаментінің бастығы Ғалия Жолдыбаева.
     Құрылым жұмысының тағы бір маңызды бағыты – жылжымайтын мүлікті құқықтық тіркеу. Естеріңізге сала кетейік, Павлодар қаласының аумағында ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап жылжымайтын мүлікті құқықтық тіркеу саласы бойынша электронды анықтамаларды беру ісі басталған болатын. Ол Электронды үкімет порталы арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жүзеге асырылуда. Бір атап өтерлігі, қазіргі кезде мұндай жаңашыл бағытқа Шарбақты, Железинка, Лебяжі, Успенка, Ақтоғай сынды аудандар да ауысып жатқан көрінеді. Жалпы жыл басынан бері осындай 14 819 электронды анықтама берілген.
     Сондай-ақ бүгінгі таңда «Жылжымайтын мүлік регистрі» мемлекеттік мәліметтер базасындағы мүлік иелеріне қатысты мәліметтерді анықтау ісі жалғасуда. Бұл аталмыш мемлекеттік реестрде мүлде тіркелмеген меншік иесін тіркеп, қате, немесе толық енгізілмеген мәліметтерді дұрыстап, толықтыруға мүмкіндік береді.
Жалпы бұдан басқа жергілікті әділет органдары нормативтік құқықтық актілерді, заңды тұлғаларды тіркеу, құқықтық көмек және заңнамалық қызмет көрсету, зияткерлік меншік құқығын қорғау жұмыстары бойынша айтарлықтай ауқымды жұмыстарды атқарған. Кейбір бағыттар бойынша республикада көш бастаушылардың қатарында.

Д.АЙТПАЙ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 28 29 30 31