ҚҰЖАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

қарқынды жүргізілуде

     Бүгінде Қазақстан Республикасының «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық реестрі туралы» Заңына сәйкес (12.01.2007) әрбір азаматты келешекте салық төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН) мен жеке әлеуметтік кодын (СИК) алмастыратын жеке сәйкестендіру нөмірі бар куәліктермен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Бұл өз кезегінде халық үшін күнделікті өмірде қажетті құжаттардың санын азайтуға көмектеседі. Демек мемлекеттік, басқа да органдардың немесе түрлі қаржы құрылымдарының ұсынған кейбір қызмет түрлерімен пайдалану үшін жеке куәлігіңді ғана алып жүрсең жеткілікті. Онымен қоса бұл мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіре түсуге де көп септігін тигізбек. Негізінен, аталмыш жеке сәйкестендіру нөмірлері 1997 жылдың тамыз айынан алынған жеке куәліктерде және 2002 жылдың маусым айынан бастап берілген төлқұжаттарда көрсетіліп келеді.
      Облысымыздың Әділет департаменті жеке сәйкестендіру нөмірлері жоқ жеке куәліктер мен төлқұжаттарды ауыстыру бойынша қарқынды жұмыс жүргізуде. Мысалы, 2008 жылы аймағымызда тұрып жатқан 4.462 азамат жаңа құжаттармен қамтамасыз етілсе, 2009 жылы бұл көрсеткіш 1.126-ны құрады. Ал биыл, жыл басынан бері 51.796 тұрғын рәсімдеуден өткен. Бұл - аталмыш бағыттағы жұмыстардың үстіміздегі жылы жаңа қарқын ала түскендігінің дәлелі. Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып жеке басын растайтын құжаты жоқ және әлі күнге дейін кеңес үкіметі кезіндегі ескі паспорттармен жүрген аймақ тұрғындарын құжатпен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар жоспары құрылды. Оның негізінде қалалық және аудандық әділет басқармаларында облысымыздың жекелей елді мекендерін аралап, құжатсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі ескі төлқұжаттармен тұрып жатқан азаматтарды анықтап, тұрғындарды жеке идентификациялық нөмірі бар куәліктерімен қамтамасыз ету мақсатында арнайы мобильді топтар құрылды. Олардың құрамына әділет органдарының, әкімдіктердің өкілдері, учаскелік полиция инспекторлары, миграциялық полиция мен халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері кірді. Аталмыш топ өз жұмысын үстіміздегі жылдың 1 наурызынан бастады.
      Онымен қоса, қарт және ауыр сырқатқа шалдыққан тұрғындарға арнайы үйіне барып, құжатпен қамтамасыз ету ісі қолға алынды. Сондай-ақ азаматтарды жұмысына кедергі келтірмейтіндей етіп, өндірістен қол үзбей құжаттарын ауыстыру ісі бойынша аймағымыздағы ірі кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекеттік мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізілуде.
        Ағымдағы жылдың 6-шы сәуірінен бастап облысымыздың барлық аймақтарында халықты жеке куәлік және төлқұжатпен қамтамасыз ету ісі ҚР Тұрғындарды құжатпен қамтамасыз ету және тіркеу пунктімен жүзеге асырылуда. Яғни жұмыстар электронды нұсқада жүргізілуде. Бұл белгілі бір азаматты тіркеуден өткізу уақытын едәуір қөысқартуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бір адамды рәсімдеуге 3-6 минут уақыт жұмсалады.
       Тағы бір атап өтерлігі, бірінші шілдеден бастап тіркеуге отыру, тіркеуден шығу шаралары да электронды негізде жүргізіледі. Заңды мекенжайын тіркеу жеке куәліктегі шағын электронды тасымалдаушы арқылы жүзеге асырылады. Азамат өтініш білдірген күні-ақ, рәсімдеуден өткеннен кейін, оның жеке куәлігінде орналасқан чиптегі мәліметтер өзгертіліп, жаңа мекенжайы енгізіледі.
      Жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу, құжатпен қамтамасыз ету және азаматарды тіркеу саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар, сондай-ақ 2009 жылдан жаңа үлгідегі, шағын электронды чипі бар жеке куәліктер мен төлқұжаттың беріле бастауының нәтижесінде құжаттарын ауыстыруға өтініш білдірген халық саны артып отыр. Бұл ретте жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке куәлік пен төлқұжатты жаңасына ауыстыру ісі мемлекеттік баж салығынсыз жүргізілетіндігін атап өткен жөн.
      Жоғарыда аталған өтініштер санының артуына Шенген келісімшарты аймағындағы шет мемлекеттерге шығу визаларының берілу тәртібінің өзгергендігі де себеп болып отыр. Бүгінде бұл визалар төлқұжаттарының мерзімі он жылдан аспаған азаматтарға ғана беріледі.
     Бұл ретте азаматтардың назарын мына жайтқа аударғым келеді. Қазақстан Республикасы төлқұжатының жарамдылық мерзімін өтініш беру арқылы бір жылға дейін созып алуға болады.

Маржан ИМЯТОВА,
Павлодар облыстық әділет департаменті
бастығының міндетін атқарушы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31