ҚИЫНДЫҒЫ МЕН ҚЫЗЫҒЫ ҚАТАР ЖҮРЕТІН САЛА

 

6 желтоқсан - ҚР прокуратура органдарының күні

Павлодар облысы прокуратурасы қызметінің басталуы облыстың алғаш құрылған уақытымен тұспа-тұс келеді. Дәлірек айтсақ, 1938 жылдың 1 сәуірінде құрылған облыстық прокуратура көптеген қиын күндерді артта қалдырып, жемісті жұмысын жалғастырып келеді.

 

Облыстық прокуратура өз аумағында орталық билік және жергілікті үкіметтің, заңды мекемелер мен кәсіпорындардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен жеке азаматтардың тәртіп бұзушылықтарын, оларды туғызатын себептерді уақытында анықтауды қадағалаушы орган ретінде құрылды. Кеңес өкіметі тұсында прокуратура органдарының құрылымы мен штаты КСРО Бас прокурорымен белгіленді. КСРО Бас прокуроры тағайындайтын облыс прокуроры 5 жыл мерзімге басшылық жасады. Органда аймақ прокурорының орынбасары, аға көмекшілері және көмекші қызметкерлері болды. Сондай-ақ Бас прокурордың шешімімен тағайындалған аға тергеушілер қызмет етті. Олардың жұмысы Бас прокурордың қадағалауымен жүргізілді.

Павлодар облысы прокуратурасының тарихы терең. Аймақтың алғашқы прокуроры қызметін В.Тимофеев атқарды. Одан кейін бұл қызметте 18 прокурор азды-көпті еңбек етті. Олар - Б.Жиглов (1939-44 ж.), М.Капенов (1944-45 ж.), И.Сағитов (1945-49 ж.), С.Каракулов (1949-54 ж.), Ф. Кузьмичев (1954-61ж.), В.Морозов (1961-68 ж.), Л.Иванов (1968-78 ж.), А.Ефимов (1978-83 ж.), Д.Фалеев (1983-89ж.), М. Дмитриенко (1989-93 ж.), Е. Овчинников (1993-96 ж.), В.Корчагин (1996-2001 ж.), И. Лескевич (2001-02ж.), Ж.Асанов (2002-03 ж.), М.Ахметжанов (2003-06ж.) және Н.Исаев (2006-09 ж.). 2010 жылдан бастап облыстың Бас прокуроры міндетін Д.Сартаев атқарып келеді.

Бүгінгі таңда прокуратура қызметкерлері экономикалық, саяси және қоғамдық өмірдің жаңа мүмкіндіктері бойынша жұмыс істеуде. Сол себепті олардың алдында жоғары кәсіпқойлықты және еңбекқорлықты талап ететін көптеген күрделі мақсаттар мен міндеттер тұр. Прокуратура органдары мемлекеттік құқық қорғау ұйымы ретінде өз қызметін бұдан әрі жетілдіруі тиіс. Оның негізгі мәнісі Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да заңдарының орынды және біркелкі қолданылуын жоғары қадағалауды қамтамасыз ету және адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау болып табылады. Елбасы Н.Назарбаев атап өткендей, халық неғұрлым заңды жақсы білсе, онда оның орындалу сатысында мәселелер аз болады. Прокуратура органдары алдына қойылған мақсат-міндеттерді табысты орындаудың шешуші шарты – мамандардың кәсіби құзіреттілігі, олардың өз ісіне деген жауапкершілік сезімі, сонымен қатар жағымсыз қылықтардан аулақ болу және әділдік секілді жақсы қасиеттер. Міне, аймақ прокуратурасында дәл осындай қайсар мінезді, өз ісінің білікті мамандары қызмет атқарды. Бүгінгі таңда ел тыныштығын сақтауды мақсат еткен салада И.Иманов, М.Әлиханов, Н.Жанахметов, Е.Абаев, Е.Адамов, Е.Әйтімов, Г.Ақбердинова, Р.Әкімбаев, Б.Алиакпаров, Қ.Бейсенов, О.Белова, Е.Бознак, Р.Дубаева, Т.Қайырбеков, Г.Қарабаева, Ж.Мақашева, С.Мәсәлімов, Н.Рачинская, Б.Сембаев, С.Фромм, М.Хамитов секілді ардагерлер жұмыс істеуде. Ғұмырларын аталмыш салаға арнаған олар әрдайым белсенділік танытып отырады. Сондай-ақ, облыстық прокуратурада болашағынан зор үміт күттіретін жалынды жастар тәжірибелі ағаларымен қоян-қолтық араласып, еңбек етуде. Олардың қатарында А.Азаматов, С.Ахметов, Е.Байгелов, Г.Байтұрсынова, Б.Досанов, А.Қалиев, Н.Кудасов, А.Мұқашев, А.Сыздықов, И.Хохлова бар.

Аймақ бойынша «Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері» атағына төрт адам қол жеткізді. Оның ішінде прокуратура саласынан 1967 жылы Василий Колесников және 1972 жылы Николай Сатышев ие болды.

Біздің облыстың прокуратура саласында есімдері баршаға аян азаматтар қызмет атқарды. Бұл ретте Ресей Федерациясы Бас прокурорының орынбасары - А.Буксман, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және еліміздің жоғары кеңесінің бұрынғы қызметкері - Ә.Әбдірахманов, бұрынғы Павлодар облысы прокурорының орынбасары, облыстық соттың төрағасы, КСРО Жоғарғы Сотының мүшесі – К.Мейрамов, еліміздің Парламент Сенатының депутаты – Е.Жұмабаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ж.Асанов, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Комитетінің төрағасы Т.Қожамжаров пен Алтай өңірі бойынша Ресей прокуратурасы жанындағы Тергеу Комитеті тергеу басқармасының басшысы А.Пономаревті ерекше атап өтуге болады. Ақтөбе, Қарағанды, Атырау және Маңғыстау облыстарының прокурорлары - В.Корчагин, М.Ахметов, Б.Сматлаев, С.Бекбосынов, Орталық аймақтық көлік прокуроры – А.Әбдікәрімов, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің төрағасы М.Ахметжанов Павлодар облысының прокуратурасында әр жылдары жемісті еңбек атқарды. Сондай-ақ, бүгінде Қостанай мен Қарағанды облыстарында прокурордың орынбасары болып қызмет істеп жүрген Р.Әпеков пен Н.Дүйсенбаев бұл саладағы алғашқы қадамдарын Павлодар облыстық прокуратурасында бастаған болатын.

Облыстық прокуратурада ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан сабақтастық та бар. Қазірде облыс прокурорының орынбасары болып жұмыс істейтін М.Әлиханов - 1982-87 жылдары Ақсу ауданының прокуроры болып еңбек еткен Т.Әлихановтың ұлы. Павлодар облысы прокурорының бұрынғы бірінші орынбасары, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасының бастығы - Қ.Саттыбаевтың екі ұлы да әке жолын қуып, прокуратура саласында жемісті еңбек етуде. Облыс прокуратурасында бөлім бастығы болып жұмыс істейтін Г.Тәліпованың әкесі Қ.Тәліпов республикамыздың прокурорлары ортасында белгілі, кезінде бірнеше облыстың прокуроры болған. Қ.Тәліпов еңбек жолын Баянауыл ауданының тергеушісі қызметінен бастады. Облыс прокуратурасының бұрынғы бөлім бастығы В.Куликованың қызы мен немересі де прокуратура саласында жұмыс істеп, анасы мен әжесінің ізгі жолын жалғастыруда. Павлодар облысының прокуратура органдарында 12 жылдан аса уақыт еңбек еткен Л.Климашина қызы Иринаға да аталмыш саланың қыр-сырын ерте жастан меңгерте білді. Ирина Кузнецова облыс прокуратурасының басқарма прокуроры қызметінде жемісті еңбек етіп келеді. Облыстық прокуратураның ардагері М.Жұмалиннің қызы да әке жолын қуып, осы салада жұмыс атқаруда. Салада 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарған Р.Жүсіпов өз ұлының бойына да прокуротураның қыр-сырын дарытты.

Біздің ардагерлер әлі күнге қатарда. Ұлы Отан соғысына қатысушы Н.Михайлюк - Ақсу қаласының Құрметті азаматы, қала әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының мүшесі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, қалалық ардагерлер кеңесінің жұмысына белсенді қатысады. Тыл ардагері, бұрынғы облыс прокуроры Д.Фалеев те белсенді қызметін жалғастыруда. Ол Павлодар облысы прокуратура органдары ардагерлерінің қоғамдық бірлестігін құрып, өзі басқарып отыр. Сонымен қатар, ол ҚР прокуратура органдары ардагерлері Ассоциациясы орталық кеңесінің мүшесі. Д.Фалеев «Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының құрметті қызметкері», «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ның құрметті қызметкері атақтарының иегері.

Павлодар облысы прокуратура органдарының бұрынғы және қазіргі қызметкерлерін кәсіби мереке – Прокуратура күнімен құттықтаймын. Сіздердің жемісті еңбектеріңіз жаңа жетістіктер мен жеңістерге жол ашып, республикамыздың көркеюі мен гүлденуіне қосқан үлестеріңіз қомақты болсын!

 

Д.САРТАЕВ,

Павлодар облысының прокуроры,

3 санаттағы мемлекеттік әділет кеңесшісі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 2 3 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31