Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында еліміздегі құқық бұзушылыққа,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу қажеттігін ерекше атап өтті.
Бұл демократиялық қоғам құру жолындағы өте маңызды мәселе болып табылады.
ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты Павлодар қаласындағы училищеде аталмыш бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда.
Оған училище бастығы, полиция полковнигі Б.Сейітбатталов басшылық етуде.
Нақтырақ айтқанда, мекеме курсанттары сабақ барысында Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік актілерін,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын мұқият зерделейді.
Бұл, ең алдымен, болашақ офицерлерді тиісінше тәрбиелеп шығару үшін қажет.
Себебі, оқу орнын бітіріп шыққаннан кейін оларға аса жауапты міндет – азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын қорғау ісі жүктеледі.
Жолдауда білім беру саласына ерекше көңіл бөлінген.
Себебі, білім беру реформасы табысының басты өлшемі әрбір қазақстандық жас азаматтың мейлінше бәсекеге қабілеттілігі болып табылады.
Сондықтан елімізде әлемдік талаптарға сай келетін сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз.
Елбасы атап өткендей, олардың қызметінің ең басты көрсеткіші құқық қорғау органдарына деген ел сенімінің деңгейі болуы керек.
Сондықтан да, алдағы уақытта азаматтардың өмірі, денсаулығы мен жеке меншігінің сенімді қорғалу деңгейі жас қызметкерлердің
оқу орнында алған тәрбиесі мен біліміне тікелей байланысты болады.
Ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру, кадрларды тәрбиелеу,
іріктеу және тарату сапасын арттыру мақсатында жеке құрамды аттестациядан өткізу жұмысы ұйымдастырылады.
Оған сәйкес, әрбір әскери-қызметтік тәртіп пен қызметтік әдептің бұзылу жағдайына байланысты жалпы және офицерлік жиналыс өткізіліп,
құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаның іс-әрекеті талқыланады.
Көптеген қызметкерлер үшін қоғамның көзқарасы, жолдастарының сын-пікірі,
ескертулері үлкен сабақ, ауыр жазаның бірі болып табылады.
Бұл - өте нәтижелі тәсіл.
Елбасымыз құқық қорғау органдары аппараттарының саны 15 пайызға қысқартылғанын, олардың құрылымдары оңтайландырылғанын,
құқық қорғау органдарына тән емес қызметтер жеке секторға берілгенін атап өтті.
Үш жыл ішінде біздің еліміз әлемдік жемқорлыққа қарсы күрес рейтингісіндегі көрсеткішін бірден 45 сатыға жақсартты.
Біз, бірге және жариялы түрде басты мақсатымыз – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге
қол жеткізуіміз керек.
Сондай-ақ, училищеде мемлекеттік тілге көп көңіл бөлінеді.
Көп тілді және көп конфессиялы қоғамдағы бейбітшілік пен келісім – бұл сіздер мен біздің еңбегіміз екенін, қазақстандықтардың өзіміз өмір сүріп,
елімізді жақсылықтарға бастап бара жатқан туған жерге атауын
берген мемлекеттік қазақ тілін құрметпен және лайықты оқып-үйрене
бастағандығын атап өтті.
Елбасы халыққа Жолдауында кадр саясаты мәселесін де сөз етіп,
маңызды мәселелерді жас қызметкерлерге сеніп тапсыру қажеттігін айтты.
Соңғы уақытта біздің ұжымның құрамы айтарлықтай жасарды,
жас кәсіпқой мамандар өз орнын тауып, ел болашағына белсенді түрде атсалысып жүр.
Жас қызметкерлерге жол бере отырып,
біз олардың алдынан демократиялық қоғам құру мүмкіндігін ашамыз,
сондай-ақ құқық қорғау жүйесін нығайтуға жағдай жасаймыз.
Е.ҚҰСМАН,
Павлодар ласының
ҚР ІІМ-не қарасты
училищесінің оқытушысы,
полиция капитаны.