ҚЫЗҒАНШАҚ «ХИМИК»

Облыс орталығы – Павлодар қаласында тұратын орда бұзар отыз жастағы азамат көп қабатты үйдің баспалдақ алаңында жарылғыш затты іске қосып, тұрғындардың үрейін ұшырды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің ресми өкілдері мәлімдеді. Тарқата айтсақ, сәуір айының соңында Академик Сәтбаев көшесіндегі үйдің үшінші қабатында орын тепкен 151-ші пәтердің кіре беріс есігіне қойылған жарылғыш құрылғы іске қосылып, пәтердің есігі және үш қабаттың терезелері күл-талқан болған. Бақытқа қарай, жапа шеккен тұрғындар жоқ.
Осы оқиғадан соң тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларына кірісіп, куәгерлердің айтуы және суреттеуі бойынша күдіктінің сипаттамасы айқындалады. Күдіктіні құрықтау үшін полицияның жеке құрамы жұмылдырылған. Нәтижесінде, жарылыс болғаннан соң жарты сағаттың ішінде Орталық жағажай аумағынан отыз жасар азамат ұсталыпты. Павлодар қалалық ішкі істер басқармасына қарасты патрульдік полиция қызметкерлерімен құрықталған күдіктіге қатысты алдын ала тергеу амалдары жүргізілген. Қолға түскен азамат бір ай бойы өз үйінде химиялық әдіс-тәсілмен жарылғыш құрал жасағанын, құрылғы радио нүкте арқылы басқарылатынын мойындапты. Қала берді, қолдан жарылғыш жасау «өнерін» орта мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде, яғни 1997 жылы меңгеріп алғанын да айтып берген екен. Полиция қызметкерлері күдіктінің бұған дейінгі уақыттарда адам жүрмейтін орындарда өзі жасаған жарылғыш заттарды сынақтан өткізіп көргенін де анықтаған.
Айдың-күннің аманында өзге біреудің пәтер есігін күл-талқан етуге қандай күш итермеледі? Күдікті азаматтың өз айтуынша, кеудесін кернеген қызғаныштың салдарынан қарсыласын о дүниеге аттандырмақ болған. Осы мақсатты көздей отырып, сағат 11.30-да қарсыласының пәтеріне келген ол кіре беріс есік алдына пакетке салынған жарылғыш құрылғыны орналастырып, артынша, подъезден шығып бара жатып қашықтықтан басқару арқылы жарылысты жүзеге асырыпты. Одан соң Орталық жағажай аумағына қарай із жасырып кеткен.
Алайда, күдіктінің түпкі ойы жүзеге аспай қалды. Қазіргі уақытта адам өміріне қастандық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Асыл ӘБІШЕВ.  

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Мамыр 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31