Ел экономикасының әрі қарай даму жолдары Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы яғни, заңды ізгілендіру жолымен жүзеге асырылмақ. Жуырда С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арынның басшылығымен дәл осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оған университеттің заң ғылымы профессорлары және оқытушылар құрамы қатысты.
Естеріңізде болса, осы жылдың 11 мамырында Астана қаласында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ұйымдастыруымен «Экономикалық қылмыстарға жауапкершілікті одан әрі ізгілендіру» деген тақырыпта ауқымды жиын өткен болатын. Білім ошағында болған дөңгелек үстел шарасы осы жиынның негізі бойынша ұйымдастырылды. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық жауапкершілік пен қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін экономикалық қылмыстарды ізгілендіру бағытында нақты тапсырмалар берді. Шараға қатысушылар Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмаларын жүзеге асыруды және ел экономикасының өркендеуіне жан-жақты жағдайлар жасаудың амалын қарастырды. Қатысушылар экономикалық қылмыстарды ізгілендіруге байланысты өз пікірлерін білдіріп, ой бөлісті.
Жанат СЕЙІЛХАНОВ,
С.Торайғыров атындағы ПМУ, қылмыстық құқық
және қылмыснама кафедрасының аға оқытушысы.

