Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры өзінің 22-ші маусымының шымылдығын А.Цагарелидің «Ханума» музыкалық комедиясымен ашты.
Бүгінде театр репертуарында белді орын алған «Ханума» спектаклі алғашқы рет 2006 жылдың 23 желтоқсанында сахналанған. Әр қойылым аншлагпен өтіп, көрермендердің жоғары бағасына ие болған. Сәрсенбінің сәтінде жұртшылықпен қауышқан театр әртістері бұл жолы жүктелген шығармашылық міндеттерін мінсіз орындады. Екі бөлімнен тұратын пьесаның қоюшы режиссері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ерсайын Тәпенов.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 24 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

