Ән мен жырдың өшпес мұрасын қалдырған, Алатаудай асқақ ақын, күмбір кеуде композитор Кенен Әзірбаев - қазақ халқының өнерін биікке көтеріп, ғасырлық кеңістікке жеткізген ақиық тұлғалардың бірі. Жуырда Павлодар жұртшылығы көп қырлы талант иесінің өнегелі өмірі мен шабытты шығармашылығымен кеңірек танысты. Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында «Алатаудың ақиығы» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Айтулы шараға сазгердің ұлы – Бақытжан Кененұлы қатысты.
А.ӘДІЛБЕК.
(Материалдың толық нұсқасын «Сарыарқа самалы» газетінің 2011 жыл 24 қыркүйектегі номерінен оқи аласыз)

