Пара алды деп айыпталуда

 

Павлодар облысы бойынша экономикалық қылмыстарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (Қаржы полициясы) өкілдері пара алды деген күдікпен Павлодар қаласы ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманын ұстады. Бұл туралы бұрнағы күні облыстық қаржы полициясының ресми өкілдері мәлімдеді.

Қалалық ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманына малды тіркеуге алудың және тексерудің бекітілген үрдістерін бұза отырып, ветеринарлық төлқұжат пен ветеринарлық анықтама жасап ұсынды, сондай-ақ, осы қызметі үшін мүдделі екінші тараптан - Г. есімді азаматтан 14 мың теңге пара алды деген айып тағылып отыр. Құзырлы орган пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қаржы полициясы өкілдерінің баяндауынша, пара алды деп айыпталған бөлім қызметшісі өзі жасаған әрекетке қатты өкініп отырса керек. Күдіктіні қоғамнан оқшаулаудың еш негізі жоқ деген ұйғарымға келген құзырлы орган оған қатысты «ешқайда кетпеуі жөнінде қолхат алу» шарасын тағайындады.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, тергеу барысына сәйкес әзірге өзгедей ақпараттар таратылмайтыны да мәлімделді.

 

Р.ӘДІЛҒАЗЫ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30