МАҚСАТ – АШЫҚТЫҚ ПЕН ТӘРТІПТІЛІК

Компьютерлік технологияның тиімді деп танылған үздік үрдістері қоғамдық өмірдің барлық салаларында қолданыла бастады. Электрондық технологиялардың мүмкіншіліктері түрлі қызметтердің сапасын арттыруға кең жол ашуда.

Айта кетелік, еліміздің ішкі істер органдары мен қаржы полициясы құрылымдарында осы жылдан бастап өтініштерді тіркеудің электрондық жүйесі өміршең болады. Жаңа жүйе азаматтардан келіп түсетін кез келген өтініштерді есепке алу және тіркеу тәртібін барынша нығайта түседі десе болады. Өтініш беруші тараптың қолына арнайы ескертпе-талондар да ұстатылады. Бұл не дейсіз ғой... Бұл құқық қорғау органының сіздің өтінішіңізді қабылдадық деп растайтын қағазы болып табылады. Тиімді ме? Әрине, тиімді. Оның үстіне, өзіңіздің өтінішіңіз қалай қаралып жатқаны туралы да үнемі анықтап біліп отыруға оңтайлы мүмкіндік жасалған. Ол үшін интернет желісіне еніп, хабарламалар мен call-орталықтар арқылы өтінішіңіздің қаралу барысынан хабардар бола аласыз.

Міне, осындай жаңашылдықтар жақында Павлодар төрінде жан-жақты талқыланды. Өңірімізге ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрағасы Марат Ахметжанов келіп, Павлодар облысы бойынша қаржы полициясы ғимаратының мәжіліс залында келелі жиын - семинар-кеңес өткізді. Басқосу барысында оны-мұны қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды комитеттің порталы арқылы электрондық негізде тіркеу үрдісін енгізу мәселелері сөз етілді. Семинардың жұмысына Павлодар облысының прокуроры Дастан Сартаев, ішкі істер департаментінің бастығы Сұлтан Құсетов, Павлодар облысы бойынша экономикалық қылмыстарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (Қаржы полициясы) бастығы Манас Сабаншиев, облыстың құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бойынша аумақтық құқықтық статистика органдарының қызметкерлері қатысты.

Бас прокуратура комитетінің төрағасы М.Ахметжанов қылмыстық-құқықтық статистиканы жетілдірудің қолға алынып жатқан жаңа жобалары туралы атап көрсетті. Марат Мұратұлының айтуынша, қазіргі уақытта электрондық прокурорлық қадағалауға көшудің маңыздылығы мен өзіндік тиімділігі аса жоғары. «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету, олардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру мақсатында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды комитеттің интернет желісіндегі электрондық порталы арқылы беру жобасын әзірледі», - деді комитет төрағасы М.Ахметжанов мырза.

Аталмыш комитеттің қылмыстық-құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің бастығы Серікжан Мырзалиев қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды тіркеудің электрондық кітабын енгізу нәтижелерімен таныстырды.

Әзірленген жобаның жалпы көрінісі былайша өріледі: электронды сандық қолы бар өтініш иесі оқиға немесе қылмыс туралы өтінішті комитеттің веб-сайтындағы электрондық портал арқылы жолдайды. Артынша, электрондық негізде қабылданған өтініштер құқық қорғау органдарының кезекші бөлімдерінде автоматты түрде тіркеледі. Былайша айтқанда, азаматтардан келіп түскен қандай да бір өтінішті өшіріп тастауға немесе тіркемей қоюға жол берілмейді. Қабылдаумен айналысатын лауазым иелерінің оған мүмкіндіктері жоқ.

Айта кетелік, интернет арқылы өтініш берудің жаңа жобасы ішкі істер органдары мен қаржы полициясында осы жылдың 15 қарашасынан бастап сынақ түрінде енгізіледі.

Жобаны әзірлеуші мамандардың айтуынша, мұндай жаңа жүйе азаматтардың қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерін, хабарламаларын қабылдау, тіркеу, есепке алу, сондай-ақ, оларды қарау рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталып отыр.

Р.ӘДІЛҒАЗЫ.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қараша 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30