МЕМЛЕКЕТ МҮДДЕСІН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДА

 

Қазақстан прокуратурасының құрылғанына биыл 20 жыл толды. Жоғары қадағалаушы органның айтулы мерекесін аталған саланың жергілікті қызметкерлері айрықша атап өтуде.

Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, азаматтар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалыпты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. Еліміздегі құқық қорғау органдары арасында прокуратура айрықша мәнге ие. Оның қызметі сан қырлы және көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Прокурорлық қадағалаудың мақсатыреспубликаның бүкіл аумағында біртұтас және берік заңдылықты қамтамасыз ету, заңнамалардың талаптарын бұзу фактілерін анықтау және кінәлілерді жауапқа тарту.

Азаматтардың әлеуметтік кепілдігі мен қауіпсіздігі сақталуының сенімді тұтқасы болып отырған прокуратура органдары өз қызметін мемлекет атынан жүзеге асырады. Тәуелсіздіктің 20 жылында ел ішінде орын алған игіліктер мен өзгерістерде аталған құрылымның үлесі ерекше екенін сеніммен айтуға болады.

Сейсенбі күні облыс орталығында Қазақстан прокуратурасының 20 жылдығына орай салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шараға аймақ басшысы Бақытжан Сағынтаев пен облыс прокуроры Дастан Сартаев қатысты.

Ел егемендігімен қатар түлеген саланың жиырма жыл мерзімдегі жұмыстарының нәтижесіне тоқталған Д.Сартаев, павлодарлық прокурорлар бүгінде республика бойынша үлгілі қызметтерімен танылып отырғанын жеткізді. Өңірде алқа билердің қатысуымен қаралатын прокурорлық қылмыстық істер тәжірибе ретінде басқаларға ұсынылуда. Әрбір істі айғағына жеткізіп, әділетті шешім қабылдау жолында сала өкілдері талмай еңбектенуде. Орган қызметкерлерінің араласуымен лаңкестік пен экстремизмнің алдын алу шаралары пәрменді түрде іске асуда. Жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау мақсатында прокурорлардың ұйғарымымен облыс орталығындағы бірқатар мектептерде бейнекамералар орнатылды. Заңдылықтың сақталуына байланысты басқа да тиісті шаралар қолданысқа енгізілуде.

Қарапайым тұрғындар мен мемлекет мүддесін қорғаушылардың еселі еңбегін бөле-жара атап өткен аймақ басшысы Б.Сағынтаев прокуратура қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Жақын күндері облыстық прокуратура Ертіс өзені жағалауына жақын салынған жаңа зәулім ғимаратқа көшетінін, мұндай заманға сай мекеме республикада бірінші болып павлодарлық құқық қорғаушылардың еншісіне тиіп отырғанын да мақтанышпен баяндады. Прокуратура саласының ардагері Николай Михайлюк пен облыстық сот төрағасы Әуезнұр Қаженов те жауапты міндет иелеріне жетістіктер тіледі.

Салтанатты кеште сала ардагерлері мен қызметкерлеріне Елбасы Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медальдері және прокуратура органдарының жиырма жылдығын мерекелеуге арнап шығарылған мерейтойлық медалі табыс етілді. Ерекше атап өтерлігі, облыс әкімі Бақытжан Әбдірұлы «Қазақстан прокуратурасына – 20 жыл» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, мінсіз қызметтері және өз міндеттерін үлгілі атқарғандары үшін көптеген қызметкерлерге кезекті сыныптық шендер беріліп, бірқатарына ҚР Бас прокуратурасының алғысы жолданды.

Мұрат АЯҒАНОВ.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31