МАҚСАТ – ҚОҒАМДЫ ІЗГІЛЕНДІРУ

 

Павлодар облысының прокуратурасы дәл қазіргі күйіндегідей бірден қалыптасқан жоқ, оның құрылымы және жұмыс әдісі құқық қорғау жүйесінің дамуымен бірге өзгерді.

Еліміздің Бас Прокуроры Дауылбаев Асхат Қайзоллаұлының бастамасы бойынша әлеуметтік-экономикалық саладағы қадағалау да елеулі өзгеріске ұшырады, бағалау талаптары мен жұмыс әдістері де өзгерді. Облыс прокуратурасы 2002 жылы бөлімнен басқарма болып құрылды. Уақыт бұл шешімнің дұрыс болғанын дәлелдеді, көптеген тексерулер аймақтағы заңдылықтың жай-күйіне ықпал етті. Мысалы, прокуратура 2003 жылы облыс орталығының Бас жоспарын әзірлеудің бастамашылары ішінде болды. Бұл жер телімдерін бөлуде жымысқы әрекеттер жасап отырған кейбір шенеуніктердің жолын бөгеп, құрылыс саласын реттеді, Мұндай мысалдар баршылық.

Сот жүйесінің дамуы прокурорлар дайындығына жаңа көзқарасты талап етті. Бүгінде олар сотты ғана емес, алқа билерін де сендіре білуі тиіс. Бұл институт белсенді қолданылуда. Республикада мұндай істердің ең көбі біздің облысымызда қаралды. Егер, өткен жылы алқа билерінің қатысуымен 25 іс қаралса, биылғы жылы – 41 іске жетті. Сондай-ақ, кассациалық сатыларда наразылықтар бойынша 10 адамға қатысты 9 істің заңсыз үкімдері бұзылды, соның ішінде 7 іс бойынша 8 адамға қатысты ақтау үкімі бар. Сот өндірісінің осы түрінің күрделілігі ескеріліп, бұл бағытта тәжірибелі және даярлығы жақсы кадрлар жұмыс істеуде.

Тергеу функциясының қайтарылуы Арнайы прокурорлар Басқармасының құрылуына себеп болды. Бұл тергеу ісіне жұмыс тәжірибесі мол қызметкерлерді іздеуге мәжбүр етті, кейбіреулері басқа ведомстволардан шақырылды. Бұл қызметкерлер бірқатар өзекті істерді тергеді, олар бойынша сот үкімдері де шықты.

Атап өтетін жайт, Павлодар облысы қоғамдық саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Өңір өнеркәсіптік орталықтарының бірі болғандықтан, жергілікті халық металлургия, энергетика, тау-кен өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған. Олардың өнімдеріне сұраныс бар, ал бұл өз кезегінде жұмыс орындарының болуына, уақытында еңбекақы алуға әсер етеді. Сонымен қатар, жергілікті билік органдарының нәтижелі жұмысы соңғы бірнеше жылда облысымызда қандай да бір күрделі және жаппай шиеленістер туындамауына әсер етті. Прокуратура органдары да осы жұмысқа өз үлесін қосуда.

Сол себепті, біз азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуына, мемлекет және жұмыс беруші тарапынан әлеуметтік кепілдіктердің орындалуына баса назар аударамыз. Үнемі мониторинг жүргізіледі және еңбекақыны кешіктіріп берудің барлық жағдайлары бақылауда, қажет болған жағдайда прокурорлар жедел араласады.

Жыл басынан прокурорлық актілері бойынша 80 млн. теңгеден аса соманы құрайтын еңбекақы берешектері өтелді, екі мыңнан аса жұмыскердің құқықтары қалпына келтірілді.

Біздің өңірге тән «тәуекелдік белдеулерін» дұрыс айқындау прокурорларға орын-орындарда тексерулерді тиімді жоспарлауға, қандай да болсын шиеленіс ошақтарын алдын ала анықтауға көмектеседі.

Бүгінде прокурорлар заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету сақшылығында талмай еңбектенуде. Еліміздің және аталған саланың өміріндегі елеулі оқиға қарсаңында прокуратура органдары қызметкерлерін Қазақстан Республикасы прокуратура органдары құрылуының 20 жылдығымен құттықтаймын. Сіздерге ыстық ықыласымды, алғысымды білдіре отырып, туған-туысқандарыңызға бейбіт өмір, үйлесімдік және отбасыларыңызға құт-береке тілеймін.

Д.САРТАЕВ,

Павлодар облысының прокуроры.

 

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Желтоқсан 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31