БІРЛІК ПЕН ЕРКІНДІКТІҢ КЕПІЛІ

      Біздің демократиялық, зайырлы және құқықты ел екенімізді айқындайтын төлқұжат – КОНСТИТУЦИЯ. Ата Заң барлық құжаттардың қайнар көзі, бастауы болып табылады. Кез келген мемлекеттік орган, мекеме, ұйым өзінің қызметінде Конституцияны басшылыққа ала отырып, өз қызметтерін жүзеге асырады.
      Бүгінгі таңда Ата Заң - ел тыныштығының кепілі. Елбасымыз бастаған ұлы көш тар жолды таймай өтіп, оның батыл шешімдері мен саяси ерігінің арқасында Қазақстан өзін барша әлемге зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде таныта білді. Президентіміз қоғам тынысында көпұлтты қазақстандықтардың өзара татулығы мен бірлігін орнықтыру мақсатында өзінің беделін пайдалана отырып, халықтар достығын шақыруды ұйымдастырудың көшбасшысына айналды. Ұлт көшбасшысының бастауымен елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясын қоса алғанда этноконфессионалдық келісімнің біртұтас инфрақұрылымы жасалды. Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу орнына айналды. Осындай өнегелі істер нәтижесінде қоғамдық тұрақтылық механизмдерінің ұстанымдарын жүзеге асыруда үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізілді. Егемендік алған аз уақыттың ішінде әр алуан мүдделер тоғысқан, ауқымды істер атқарылып отырған ірі саяси алаң - ЕҚЫҰ-ға Елбасымыздың төраға болып сайлануы бізді дүниежүзі мойындағанын дәлелдейді. Ағымдағы жылдың 14 қаңтарда ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесіндегі отырыста өзінің бейне-жолдауында Президент Н.Назарбаев «ЕҚЫҰ-дағы Қазақстан төрағалығының стратегиясы мен басымдығы алдымызда тұрған маңызды міндет - ЕҚЫҰ-ны жан-жақты дамыту, бүгінгі күнгі қауіп-қатерлерге қарсы әрекет етуде оның тиімділігі мен мүмкіндіктерін арттыру»- деді. Сондықтан мұндай салмақты ұйымға төрағалық ету – еліміз үшін үлкен мәртебе.
      «Уақыт сыншы» дегендей, Ата Заңымыз егеменді ел тарихы үлесіндегі аз уақытта үлкен сындардан сүрінбей өтіп, өзінің нақылдылығын, тұрақтылығы мен құқықтық құндылығын жоғары дәрежеде дәлелдей білді.
      Конституциялық заңнамаларға сәйкес барлық азаматтар тең құқылы. Егер олармен заң бұзушылық жіберілген жағдайда жауапкершілікке тартылып, жалпыға бірдей тәртіпте шартты жазасын алады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабында Ата Заңның ең жоғары заң күші бар және республиканың барлық аумақтарына тікелей қызмет етеді деп айқын жазылған. Басқа да шығарылып жатқан номативтік-құқықтық актілер, халықаралық келісімшарттар еліміздің ең басты құжатына қайшы келмеуі тиіс. Ал 74-баптың 1-тармағында Қазақстан Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық келісімшарттарға қол қойылмайды делінген.
      Ата Заңымызда адам құқығы және бостандығының жоғары құндылығы құқықтық мемлекеттік негізгі қағидасы ретінде реттеледі. Қазақстан мемлекеттік құқықтық даму бағдарламасын халықтың өмір сүру жағдайын, адам және азаматтардың құқығы мен бостандығының қорғалуы, мемлекеттік жоғары билік органдарына қадағалап, бақылап отырады.
      Қазақстан Республикасының ІІМ өз қызметін ұйымдастырудың конституциялық қағидаларының негізінде «қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауда қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі негізгі бағыттарды іске асыру» жүзеге асырылады (ҚР Конститиуциясы 66-бап).
Отанымыздың дамуына өз үлесін ішкі істер органдары да қосуда.
      Осы бағытта Павлодар облысы ІІО қызметкерлері заң нормаларының орындалуын қамтамасыз етуде күні-түні талмай еңбек етіп, ел ішіндегі қоғамдық қауіпсіздікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтау жолында аянбай еңбек етуде.
     Ағымдағы жылдың І жартыжылдығы ішінде Павлодар облысы ІІД құрылымдарының криминалдық ахуалға тиімді әсер етуі нәтижесінде аумақта ауыр және аса ауыр санатына жататын қасақана кісі өлтіру, тонау, қарақшылық, мал ұрлау қылмыстары 28,4%-ға азайып, барлық қылмыс түрлерінің ашылуының оң беталысы мен анықтау және тергеу қызметтері көрсеткіштерінің жақсарғаны байқалады.
      Сонымен қатар ғасыр індетіне айналған сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу бағытында да бірқатар ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралар жүзеге асырылды. Өткен алты айдың ішінде полиция қызметкерлеріне қатысты келіп түскен 290 арыз-шағым қарастырылып, қызметтік тексеріс жүргізудің нәтижесінде оның 6-уы ғана расталды.
      2010 жылдың маусым айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Павлодар облысына келген екі күндік сапарында, полиция мерекесі күні қарсаңында құқық қорғау органдарының өкілдеріне салтанатты түрде берілген 77 автокөліктің 57-сі ішкі істер органдарының үлесіне тиді. Елбасы ішкі істер органдарының қызметкерлерінің алдағы жұмыстарына табыс тілеп, «Құқық қорғау органдары да өз мемлекеттік қызметтерін абыроймен орындауда. Оны атқаруда оларға да техникалық көмек керек. Сондықтан да бүгін табыс етілген қызметтік көліктерді мамандар мемлекеттік парыздарын өтеуге пайдаланады деп сенемін», - деді Елбасы.
      Мемлекетіміздегі әр адам Ата Заңның шеңберінде өмір сүргенде ғана біз өзімізге тән ұлттық құқықтық жүйемізді жетілдіретін боламыз. Сондықтан ең басты міндет – заңды және жеке тұлғалардың қоғамдық құрылымдар мен азаматтардың Ата Заңға деген құрметін барынша дәріптеу керек.

Наурызбай ҚЫДЫРҒОЖАЕВ,
Павлодар облысы ІІД бастығы,
полиция полковнигі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 29
30 31