ЖАРҚЫН ІСТЕРДІҢ ЖАРШЫСЫ

      Қазақстанның тәуелсіздік алуы қанша қиындықтармен тұспа-тұс келіп, ел азаматтарын ұзақ күттірді. Сондықтан болар, ел тәуелсіздігімен тығыз байланыстағы белгілердің бәрінің тарихи-ауқымды маңызы бар. Тұғырлы Туымыз, еңселі Елтаңбамыз, әуезді Әнұранымыз бен ардақты Ата Заңымыз – республикамыздың мызғымас нышаны, демократиялық жаңа өркениетті мемлекеттің құрылу жолындағы ортақ мүдденің басты символы. Осы күш-қуат іспеттес барлық нышандар аспан түстес құдіретті кітапқа сыйып кеткеніне қайран қаласың.
      Бірер күннен соң Қазақстан Республикасының Конституциясына 15 жыл толады. Бұл күні, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы өзінің тарихи таңдауын жасады. Қазақстан халқы қоғам мен елдің толыққанды жетілуі, дамуы үшін реформалау мен болашаққа ұмтылу қадамдарын жасады. Бүкілхалықтық референдум аясында қабылданған басты құжат – Қазақстан Конституцияның ел өміріне жасаған жақсылықтарын аз сөзге сыйдырып айтып шығу мүмкін емес. Ата Заңды дүниеге әкелу үшін заң ғылымының білікті мамандары мен сарапшыларының сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ата Заңды жасау үшін басқа елдердің конституциялық тәжірибелері зерделенді. Бірақ біз өзге мемлекеттердің конституцияларын ескере отырып, өзіміздің ақ жолымызбен алға бастық. Осы уақыт аралығында ауқымды жұмыстың басында жол бастаушы болып Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен іргесі берік Қазақстан халқы тұрды. Солай бола беретініне де сенімдіміз.
      Референдумға қатысуға құқығы бар 7 миллионға жуық тұрғын – Жаңа Конституция туралы өздерінің ойларымен бөлісіп жатты. Жаңа Конституция кеңестік дәуірдегі сталиндік, брежневтік үлгідегі заңдардан әлдеқайда айрықша өрілді. Онда өркениетті Қазақстанның конституциялық құқықтары мен тұрғындардың еркіндігі нақты әрі түсінікті түрде көрсетілген.
      Қазақстан Конституциясының тарихы әлемдік сахнада бейбіт және жарқын қасиеттерді айқындап, құқықтық, демократиялық және бай мемлекеттің, еркіндікті сүйгіш, бейбіт, толерантты Қазақстанның қалыптасуын көрсетеді.
      Конституция Қазақстандағы құқықтық жүйенің ең басты түйіні болып табылады. Ол әрбір қазақстандықтың еркіндігі мен құқықтарын сақтайтын ең басты құжат болып саналады.
      Уақыт алға жылжыған сайын Қазақстан Республикасының алғашқы Конституцияның құрамына өзгертулер енгізілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың мәртебесінің өзгертілуі ең соңғы бекітілген тәртіп болып саналады.
      Бұл күнде Қазақстанның Конституциясы экономикалық өрлеу мен жас өркениетті мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасына айналды. Конституция әрбір тұрғын үшін басты құжат болып саналады. Себебі, құқықты нормаларды терең әрі тиянақты пайдалану - барлық азаматтардың парызы.
     Осыдан 15 жыл бұрын қабылданған Ата Заңымыз өзінің негізгі міндеттерін тиянақты атқарып келеді. Басты құжаттың арқасында қазақстандықтар экономикалық, әлеуметтік жағдайлары жақсы дамып орталық Азиядағы ғана емес әлемдегі алпауыт мемлекетке айналды.
     Ата заңның қазақстандықтарға сыйлаған басты жетістігі - бейбітшілік пен тұрақтылық, тыныштық пен ұлтаралық келісім. Елбасы Н.Назарбаев: «Ең бастысы - бірлік, ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылық» деп бөле-жара атады. Мұнымен барша қазақстандық келіседі әрі қолдайды.

Асқар БАХРАЛИНОВ,
Павлодар қалалық мәслихатының депутаты,
з.ғ.к., «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Тамыз 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 29
30 31