ЖАЗА – ЕҢБЕК

      Өкінішке қарай, қоғамда сот үкіміне сәйкес сотталған азаматтар нендей қылмыс жасағанына қарамастан жазасын тек қана темір тордың арғы жағында өтеуі тиіс деген пікір қалыптасқан. Себебі көп жағдайда еліміздің сот жүйесінде тауық ұрлағанға да, адам өлтірген қылмыскерге де бір жаза, бас бостандығынан айыру үкімі шығарылады. Бірақ мемлекетіміздің Заң жобасында жеңіл дәрежедегі тәртіп бұзушылыққа жол бергендерге жеңіл жаза түрін тағайындау үрдісі бар екендігін ұмытпағанымыз жөн. Заңды түрде жазаны өтеудің бір түрі – қоғамдық жұмыс.
       ҚР Қылмыстық кодексінің 42 бабында келтірілген қылмыстық-құқықтық бағыттағы бұл шара азаматтардың еңбегі мен демалысына деген конституциялық құқығын шектейді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар мен қылмыстық атқару инспекциялары келісе отырып, сотталғандарды мемлекеттік басқару органдарының ұсынған нысандарына жұмысқа бағыттайды. Павлодар қаласында мұндай нысан ретінде «Горкомхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны белгіленген. Сондықтан сот шешімімен тағайындалған қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын өтеу үшін барлық сотталғандар жоғарыда аталған кәсіпорынға жіберіледі. Дегенмен мұндай жағдайларда біраз кедергілер де кездеседі. Себебі жазаға тартылғандардың көбінде жеке куәліктері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі (РНН) мен жеке әлеуметтік коды болмай шығады. Бұл инспекция қызметкерлері үшін қосымша кедергілерді туғызатындығы сөзсіз.
      Сотталушы өз жазасын бұлай өтеуден қасақана бас тартқан жағдайда инспекция өкілдерімен қоғамдық жұмыстарды басқа, одан қатаң жаза түрлерімен ауыстыру туралы сотқа ұсынымхат жіберіледі. Сондықтан заңды белінен басып, тәртіп бұзушылыққа жол берген әрбір азамат өзінің жасаған қылмысына лайық, нақты тағайындалған жазаны өтеуі тиіс.

С.МҰХТАРОВ,
Павлодар қалалық қылмыстық атқару
инспекциясының аға инспекторы, әділет капитаны.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қыркүйек 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
    1 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30