БАЛЫҚ ҺӘМ ҚАУЛЫДАҒЫ «БЫЛЫҚ»

 

 

Ақсу қалалық прокуратурасына жергілікті үш азаматтың атынан үндеу түсіпті. Қадағалау органына «дұғай сәлем» жолдаушылар өздерінің ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 298 бабы, 1 бөлімі  - балық аулаудың ережелерін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарын, мұндай шешімнің ешқандай негізі әрі заңдылығы жоқтығын, қысқасы, келіспейтіндіктерін жеткізіп, бір ықпалдық жасауды өтініпті. Осыған сәйкес, прокуратура органы Ақсу қалалық ішкі істер бөліміне тексеру жүргізеді. 
Тексеру барысында жоғарыдағы үндеуді жолдаған азаматтардың әкімшілік жауапкершілікке ешқандай негізсіз тартылғаны айқындалған. Тарқата айтсақ, прокурорлар оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол ашатындай ешқандай негіз болмағанын алға тартты. Арнайы журналда балық аулауға рұқсат беру мәселесі жазылған болып шығыпты. Қала берді, әкімшілік істерді уәкілеттігі жоқ тұлғалардың қарағандығы да әшкереленген. 
Анықталған кемшіліктер бойынша Ақсу қалалық ішкі істер бөлімі бастығының атына ұсыныс хат жолданып, заңды бұзу әрекеттерін жою, кінәлілерді жауапқа тарту, сондай-ақ балықшыларға қатысты әкімшілік айыптарды алып тастау мәселелері алға тартылды. 
Ақсу қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының айқындамасы бойынша үш азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты шығарылған шешімдердің күші жойылып, прокурорлар қарсылығы толықтай қанағаттандырылып, Ақсу қалалық ішкі істер бөлімінің қаулысы тоқтатылыпты.
Асыл ӘБІШЕВ.
 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Қантар 2011 >
Д С С Б Ж С Ж
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 23
24 25 26 27 28 29 30
31