ЗАҢСЫЗ МИССИОНЕРЛIКПЕН АЙНАЛЫСҚАН

 

    Жақында Екібастұз қаласы прокуратурасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысы бойынша департаменті бірлесіп, Екібастұз қаласының Ақкөл ауылында Қазақстан Республикасының азаматтары – Қ.Қасық, Г.Даулетчин, А.Хусаинов, Б.Ағажанов еш жерде тіркеусіз «Ислам діні» аясында уағыздар жүргізді деген деректерді анықтады. Уағыздағы қатысушылар Қырғыз елінің Бішкек қаласындағы Абдуллх ибн Масхуд атындағы медресесінің оқушылары болып табылады және олар өздерін «Табылғы Жамағат» өкілдеріміз деп есептейді екен.

     Тексеру барысында, Қ.Қасық (12.09.1993 жылғы туған) кәмелет жасқа толмаған   болып шықты. Өзінің айтуынша, отбасы Жамбыл облысының Қордай қаласында көрінеді.

     Екібастұз қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің қаулысы бойынша Қ.Қасық Павлодар облысы кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу, оңалту орталығына ата-анасы және өзге де сыбайластарын анықтау мақсатында уақытша бағытталды.

     Қазақстан Республикасының «Дін ұстанымдары мен діни бірлестіктер бостандығы туралы» Заңының 4-1 және 4-2 баптарына жүгінсек, миссионерлік  істерін анықтау мақсатында, жоғарыда аталған азаматтар жергілікті уәкілетті органдарда есептік тіркеуден өтулеріне тура келеді. Зерттеу барысында, олар уәкілетті орындарда есептік тіркеуден  өтпеген.

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 375 бабына сәйкес миссионерлік істерін есептік тіркеусіз іске асырғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

     Қала прокуратурасы тарапынан Г.Дәулетчин және А.Хусаиновке, Б.Ағажановқа қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 375 бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

    Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысы бойынша жоғарыдағылар әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін жасаған үшін айыпты деп танылды әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Құқық бұзушылар ізін суытпай, әкімшілік айыппұл төледі.

 

Жадыра САТТАРОВА,

Павлодар қаласы.

 

Пікір қосу


Қорғау коды
Жаңалау

Яндекс.Метрика

«Жас times»

15 Мамыр 2012, 18.30
БАСЫЛЫМНЫҢ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРДІ
«Регион.kz» газеті жастар жаршысына айналады Таяуда облыс әкімі Ерлан Арын аймақтағы шығармашылық және зиялы қауым өкілдерімен  өткізген кездесуде жергілікті бұқаралық ақпарат...

«Тұлға»

03 Мамыр 2012, 18.30
  дейді Ұлы Отан соғысының ардагері, КСРО және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі Қантай Елубаева   Қырқыншы жылдардың...

Мұрағат

< Шілде 2010 >
Д С С Б Ж С Ж
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31