Ертіс ауданының орталық ауруханасында кепілді мөлшерде тегін медициналық жәрдем көрсетулердің жағдайын анықтау мақсатында аудан прокуратурасы тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында ішкі істер органдарымен әділет басқармасымен, сондай-ақ Ертіс ауданы денсаулық сақтау мекемелерімен дерек-мәліметтерді, яғни қайтыс болған адамдарды тіркеу, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алулар саласының заңдылық жағдайы тексерілді.
Прокуратура тегін медициналық жәрдем көрсетудің кепілді мөлшерін беру қағидасын бұзу фактілерін анықтады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29 бабына сәйкес Республика азаматтары заңмен бекітілген тегін кепілді мөлшердегі медициналық жәрдем алуға құқылы.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің Бұйрығымен халықты тегін медициналық көмек көрсету аясында дәрі-дәрмек пен медициналық өнімдер тізімі бекітілген болатын.
Ертіс ауылының тұрғыны В.Федорчук инсульт диагнозымен Ертіс ауданының орталық ауруханасында емделіп, алайда тегін берілуге тиіс дәрі-дәрмекті сатып алып жүргендігі анықталды. Тексеріс барысында аудан аумағында қайтыс болған азаматтарды тіркеу деректерінде де келеңсіздіктер анықталды.
Тексеріс нәтижесінде, денсаулық сақтау мекемесінің 18 лауазымдық тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, бас дәрігер қатаң сөгіс алды.
Жадыра САТТАРОВА,
Павлодар қаласы.

