Соңғы жылдары салық заңнамасы нәтижелі салық саясатын жүргізуге, салық жүйесін жетілдіруге, салық ауыртпалығын, салық ставкаларын төмендетуге бағытталған бірқатар өзгерістерге ұшырады.
Бірақ, мемлекет салық төлеушілерге жағдайлар жасаса да, кейбір салық төлеушілер өз салық міндеттемелерін орындамайды, атап айтқанда, заңмен белгіленген салықтар мен салық берешектерін толығымен және уақытында төлемейді.
Осындай жағдайларда салық органдарымен Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен көзделген мерзімінде салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылады.
Сондай-ақ, мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары қолданылғанға дейін, салық төлеушіге салық берешегін жою жөнінде хабарлама жіберіледі. Яғни, салық төлеушіге бұзушылықтарды және салық берешегін өз еркімен жоюға уақыт беріледі.
Хабарламаны табыс еткен күннен бес жұмыс күні ішінде салық төлеушілермен салық берешегі жойылмаған жағдайда ғана тәсілдер мен шараларды қолдану басталады. Сондай-ақ, өндіріп алу келесі деңгейде жүргізіледі: салық төлеушінің банк шоттары және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтату, салық төлеушінің билік етілген мүлкін шектеу, салық төлеушінің банк шоттарынан және дебиторлардың шоттарынан ақшалай есебінен өндіріп алу, жарияланған акциялардың мәжбүрлеп шығарылуы, салық төлеушіні банкрот деп тану.
Салық төлеушімен салық берешегі пайда болған күннен бастап салық берешегі жойылмаған жағдайда, салық қызметі органдары сондай салық төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды, сонымен қатар тоқсан сайын уәкілетті органның Интернет-ресурсында тізімдерді жаңартады және орналастырады.
Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана бас тартқан фактілері, сонымен қатар қылмыстық белгілерді көрсететін әдейі, жалған банкроттық фактілері анықталған жағдайда, салық қызметі органдары Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына жолдайды.
Өкінішке орай, бүгінгі күнге салықтарды төлеуден бас тартудың, соның ішінде төлеуге әдейі қабілеттіліктері жоқ және кәсіпорынды қасақана банкроттыққа жеткізудің әртүрлі жолдарын қолдануға тырысатын бірқатар салық төлеушілер бар.
Салық төлеушілердің салық берешектерін әдейі жоймау жағдайларының көбеюі кәсіпорынды банкроттыққа дейін қасақана жеткізуге, қылмыстық сөгіс ретінде салық берешектері бар салық төлеушілердің жауапкершілігін қатайтуды көздейтін салық заңдылығына және бірқатар заңдылық актілеріне пікір-ұсыныстар енгізуге салық органдарын итермеледі.
Осыған байланысты, Павлодар облысы бойынша Салық департаменті, өз салық міндеттемелерін адал орындауға, мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шараларын қолдануға жеткізбеуге шақырады, солардың салдарынан Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қолданылған өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеуге байланысты қосымша шығындарды төлеуге әкеледі.
Б.МУСИНА,
Павлодар облысы бойынша салық департаменті
мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының бастығы.

